БҚО-да құқық қорғау органдары 14,5 тонна прекурсорлар мен химиялық заттарды тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz. Оралдағы ЖШС-ның бірінің өндірістік цехынан 14,5 тонна химиялық заттар табылды. Тексеру барысында ерекше иісі бар сұйықтық құйылған үш бір тонналық пластикалық ыдыс және алты резервуар тәркіленді. Бұл заттар прекурсорлар мен химиялық элементтер екені белгілі болды. Сондай-ақ ұйым осыған дейін лицензиясыз жұмыс істеген. «Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс-шараның басты мақсаты – есірткі мен химиялық заттардың заңсыз айналымын тоқтату және оның алдын алу. Жедел қызметтің бескүндік жұмысы барысында аймақта есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерінің бұзылуына байланысты алты қылмыстық іс анықталды. Сонымен қатар…
Автор: Nargiza Yeres
Ұлттық Банк әлемдегі экономикалық жағдайдың тұрақсыздығын, әсіресе АҚШ долларының күшейіп, басқа елдердің валюталары әлсіреп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, DXY индексі қыркүйек айынан бері 5,5%-ға артып, ЕМ валюталарының индексі қыркүйек айының соңынан 4,1%-ға төмендеді. Мұнай нарығында да жағдай қуанарлық емес. Бұл жаһандық деңгейде мұнайға сұраныстың баяу өсуімен байланысты. Сонымен қатар, мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК+) мұнай өндірісін көбейтуге дайындық жасап жатыр. Қазіргі уақытта бір баррель мұнайдың бағасы 71-72 АҚШ долларға төмендеді. Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және валюта нарығында, оның ішінде квазимемлекеттік сектор тарапынан ұсыныстың шектелуі байқалады. Валюта нарығында тепе-теңдік бұзылып, шетел валютасына деген сұраныс күрт…
Алтынның бағасы 2025 жылдың желтоқсанына қарай бір унция үшін 3 мың долларға жетеді, деп жазды Bloomberg Goldman Sachs агенттігіне сілтеме жасап. Баға динамикасына қандай факторлар ықпал етеді? Сондықтан инвестициялық банк нарық қатысушыларын алтынды көптеп сатып алуға шақырды. Сарапшылар бұған Дональд Трамптың президенттігі кезіндегі митингтердің жалғасуы, Орталық банктер тарапынан сұранысының артуы және АҚШ -тағы ақша-несие саясатының жеңілдеуіне байланысты биржалық қорларға қаражаттың түсуі ықпал ететінін айтады. Тағы бір фактор жаһандық саудадағы шиеленістің күшеюі де әсер етуі мүмкін. «Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда шиеленістерінің күшеюі алтынға қызығушылықтың артуына әкелуі мүмкін. АҚШ-тың өсіп келе жатқан қарыз ауыртпалығына қатысты алаңдаушылық бағалы металдар бағасын да қымбаттатты.…
Премьер-министр Олжас Бектенов соңғы кезеңдегі жалпыға бірдей декларациядан бас тарту ұсынысын Үкімет отырысында қолдады. Ол Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне үш күн ішінде заңнамаға қажетті түзетулер дайындауды тапсырды. «Президент жаппай декларациялау тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Қазір декларацияны 4 млн-нан аса адам тапсырады. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері бар. 2025 жылы азаматтардың қалған барлық санаты да декларация тапсырады деп жоспарланған. Оған халық алаңдаушылық білдірді. Сондықтан аталған мәселеге мемлекет басшысы өзінің назарын аударды. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың базасы барынша цифрландырылған, қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді. Халықаралық келісімдер шеңберінде шоттар бойынша деректер алмасу жолға қойылды. Цифрлық қызметтер көрсету…
12 қараша күні кеште Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. «Азаттық радиосының» жазуынша, бір апта өткеніне қарамастан жұмысшылар талабы орындалмады және ереуілшілер әлі тарқаған жоқ. Жұмысшылар басшылыққа бес түрлі талап қойып отыр: ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа орналастыру, 55-58 жастан жұмысқа жарамсыз қызметкерлерге 300 (АЕК) зейнетке өз еркімен шыққан жағдайда төленсін. Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу, 1000 орындық База УОС-5 жанындағы мекемені қайта қарап іске қосу. Тұңғыш президенттің үздік көрсеткішке ие болған Ұжымдық шарттағы 2013 жылғы қолданыста болған 5.19 бабын орнына қою, дербес еңбекақы төлеу жүйесіне өту. СЖЖ және…
Ауыл шаруашылығы саласына 2025 жылдан бастап қаржылық субсидия берілмейді дейді вице-премьер Серік Жұманғарин. Жыл сайын миллиардтаған теңге бөлінсе де, бұл салада мәселе азаяр емес. Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы саласына 10 жыл бұрын 100 млрд, биыл 453 млрд теңге бөлінген. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Соған қарамастан шаруашылықтың дамуына айтарлықтай ықпла етпей отыр. Оған қоса, мұндай шешімді үкімет қаржы тапшылығына байланысты қабылдаған. «Келесі жылдан бастап, қаржылық субсидия бермейміз. Кеше президент тапсырма берді. Фермерлерге берілетін несие 5 пайыздан астам болмасын», — деді Жұманғарин. Демек бұдан кейін елдегі фермерлерге ақшалай берілетін субсидияның орнына, аз пайызбен несие беріледі. Бұл осы салада туындайтын қаржылық…
Кейінгі үш жылда Қазақстанда тұтыну несиесі көбейді. Банктерде орташа жылдық өсім – 33%, микроқаржы секторында — 45%-ға жетті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің дерегі бойынша биылғы 9 айда тұтыну несиесі (24,7%) 12,9 трлн теңгеге дейін, ал микроқаржы (5,8%) 1,3 трлн теңгеге дейін өсті. Мемлекет азаматтардың шамадан тыс кредит алуына жол бермеу, тұтынушылардың құқығын қорғау масқатында 2024 жылы заңнамалық шаралар қабылдады. Біріншіден, қарыз алушылардың кредит төлеу қабілетін бағалау үшін борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібі қатаңдатылды. Екіншіден, несие беру нарығын реттеуге және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған жаңа заң қабылданды. 2024 жылдың 19 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық…
17 қарашада Астана қаласындағы екі қабатты жеке үйлердің бірінде өрт шығып, он үш, тоғыз, үш, екі жасар төрт бала қаза тапты. Бүгін, 18 қараша осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу» бабы (Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғады» делінген баспасөз хабарламасында. Тергеуге қатысты істің мән-жайы тексеру толық аяқталғаннан кейін айтылады. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап, 6 минут аралығында оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің өртке оранғанын көрген. «Бұл үйде екі отбасы тұрған. Балалары құрбан болған және зардап шеккен отбасыға психологиялық, материалдық, басқа да…
Шетелдегі қандастарымыздың еңбек құқықтарын қорғау үшін ережелер әзірленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Шалғайда жүрген қазақ азаматтардың жұмысқа орналасуын ұйымдастыру, шетелге жұмысқа жіберетін жекеменшік агенттіктер мен еңбек мобильділігі орталықтарының өзара іс-қимыл ережелерін әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. «Құжаттың негізгі мақсаты – республикадан тыс жерлерге жұмысқа шығатын қазақстандықтарды даярлауды, олардың еңбек қызметін тиімді ұйымдастыруды және шетелде еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету», — деп көрсетілген хабарламада. Демек аталған құжаттағы ережелер Қазақстаннан тыс жерде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғауға бағытталған. Шетелде азаматтарға жұмыс берумен айналысатын жекеменшік агенттіктерге қойылатын талаптарды белгілейді және осы агенттіктердің еңбек мобильділігі орталықтарымен…
Бүгін, 15 қазан күні ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті. Осы форумда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шаруашылық саласынан бөлек, басқа да бірнеше мәселені қозғады. Тоқаев мектеп асханаларындағы азық-түлік қауіпсіздігін күшейту керек екенін айтты. Биыл Маңғыстау облысында жүздеген оқушы жаппай уланып қалды. Президент осы оқиғадан сабақ алу керек екенін ескертті. «Мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу керек. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылау қажет. Бірақ мәселенің мәні тым тереңде жатыр. Оқушыларды сапасы күмәнді әрі арзан азық-түлікпен тамақтандыра алмаймыз. Балаларды тамақтандырудың халықаралық стандарттарына ұмтылғанымыз дұрыс», – деді Тоқаев. Сонымен қатар жақында ғана үшінші кезеңі аяқталған декларация науқанына қатысты пікір айтты. Президенттің сөзінше, халықты декларация…