Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Экс-бас бапкер Черчесовке Қазақстанның футбол федерациясы өтемақы төлейді
Наргиза Ерес sarapshy.info 29/01/2025

Экс-бас бапкер Черчесовке Қазақстанның футбол федерациясы өтемақы төлейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Черчесовқа федерация өтемақы төлейді. Мәжіліс кулуарында туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев келісімшартты ерте бұзғаны үшін Қазақстан футбол федерациясының Черчесовке өтемақы төлейтінін растады.

«Спортшы болсын, жаттықтырушы болсын егер шарттан ертерек келісімшарт бұзылатын болса, неустойка төленеді», — деді вице-министр.

Станислав Черчесов кім?

Станислав Черчесов — ресейлік футбол жаттықтырушысы, 2024 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Ол бұған дейін Ресей құрамасын 2018 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткізгенімен танымал.

Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен 2025 жылдың 27 қаңтарында кетті. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлады. Хабарламада Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кеткені жазылған.

Оның жетекшілігімен команда УЕФА Ұлттар лигасы аясында алты матч өткізді. Өкінішке қарай, бұл ойындардың бірде-біреуінде гол соға алмай, тек бір ғана ұпай жинады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы турнирдің төменгі дивизионына түсіп қалды.

Қазақстандықтар Черчесовқа неге наразы?

2024 жылдың қазан айында Словениямен өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойылды. Ол журналисті тоқтатып, «Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба?» — деп сұрады. Бұл мәлімдеме Қазақстан қоғамында наразылық тудырып, оны мемлекеттік тілге құрметсіздік деп қабылдады. Нәтижесінде, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме талап етті.

Сол кездегі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділет Барменқұловтың мәлімдеуінше, Станислав Черчесовке 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 738 400 теңгеге тең.

 

Сурет: ҚФФ

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
бас бапкер Қазақстан құрамасы Қазақстан ұлттық құрамасы Қазақстан футбол федерациясы ҚФФ өтемақы Серік Жарасбаев УЕФА Ұлттар лигасы Черчесов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.