Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Вашингтонда жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысты. Екі айдағы ұшақ апаттарының хроникасы
Наргиза Ерес Әлем жаңалықтары 30/01/2025

Вашингтонда жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысты. Екі айдағы ұшақ апаттарының хроникасы

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін, 30 қаңтарда Вашингтондағы Рональд Рейган атындағы әуежай маңында әскери тікұшақ жолаушылар ұшағымен соқтығысқан. Салдарынан бортында 64 адам болған (60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі) жолаушылар лайнері Потомак өзеніне құлаған.

CBS телеарнасы полицияға сілтеме жасап, қазіргі таңда өзеннен 18 адамның денесі шығарылғанын хабарлады.

Пентагонның мәліметінше, апатқа ұшыраған Black Hawk әскери тікұшағы Вашингтоннан 40 шақырым қашықтықта орналасқан базаға бара жатқан.

Sarapshy.info екі ай ішінде болған Қазақстан мен басқа елдердегі ұшақтың төтенше қонуына байланысты оқиғаларды назарларыңызға ұсынады.

Сурет:  REUTERS/Carlos Barria

           2024 жылы

22 желоқсан күні Бразилияда қайғылы оқиға болды. Piper PA-42-1000 Cheyenne 400LS жеке ұшағы қала ортасына құлады. Бизнесмен Луис Клаудио Галеацци отбасымен түгел қаза тапты. Қонақүй мен дүкендер қирап, 10-нан астам адам ауруханаға жатқызылды.

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында жолаушылар ұшағы құлаған еді. Azerbaijan Airlines  әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Баку-Грозный № J2-8243 рейсін орындаған кезде Ақтау қаласынан 3 шақырым қашықтықта құлаған. Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды. 67 адамның 38-і қаза тапты, 29-ы Ақтаудағы ауруханаға жеткізілді. Әуе кемесінде Қазақстанның 6 азаматы болды, оның біреуі — бала. Қазақстан азаматтарының барлығы да қаза тапты.

Сурет: Azamat Sarsenbayev

29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 181 адам болған: 175 жолаушы және 6 экипаж мүшесі. Апат салдарынан 179 адам қаза тауып, тек бір жолаушы мен бір экипаж мүшесі аман қалды.

Сурет: Ашық дереккөздерден

2024 жылы 29 желтоқсан Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшағы «Внуково» әуежайына төтенше жағдайда қонды. Ұшақ Ташкенттен Франкфуртқа бағыт алған болатын. Әуе кемесі Мәскеудегі әуежайға жолаушының денсаулығы нашарлауына байланысты жіберілген. Компанияның мәліметінше, оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Хабарламада ұшақтың «Франкфуртқа ұшудың мүмкін еместігіне» байланысты Ташкентке оралатыны айтылған.

2024 жылы 30 желтоқсанда «Аэрофлот» әуе компаниясының Ферғана – Мәскеу бағытындағы рейсі Ташкенттің халықаралық әуежайына шұғыл қонды.

Ресейдің «Аэрофлот» әуе компаниясының SU1971 рейсі Ферғана – Мәскеу бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Бұған жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлауы себеп болған.

Қонғаннан кейін 70 жастағы жолаушы Ташкенттегі медициналық мекемелердің біріне ауруханаға жатқызылған.

2025 жылы

2025 жылы 8 қаңтар күні Air Astana әуе компаниясының Алматы – Анталья бағыты бойынша КС915 рейсі Ақтау қаласының әуежайында қонуға мәжбүр болды.

Air Astana мәліметі бойынша Airbus A321 ұшағы Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 08:35-те ұшқан, бірақ орталық бактың жанармай жүйесіндегі қорғаушы клапаныннан ақау шыққан соң, экипаж Ақтауға қонуға шешім қабылдаған. Ұшақта зардап шеккендер жоқ, рейс 9 қаңтарға ауыстырылған.

Сурет: shutterstock

Ал 7 қаңтар күні Санкт-Петербургтен Самарқанға ұшып бара жатқан UTair жолаушылар ұшағы Мәскеуге төтенше жағдайда қонды. Ұшақ Внуково әуежайына келген.

Компания оң жақ қозғалтқыштың стабилизаторынан ақау табылды деп мәлімдеді. Boeing 737 ұшағында 173 жолаушы болған.

Cурет: ТАСС/Юрий Смитюк

4 қаңтар күні Airbus A-321 ұшағы Египеттің Шарм-эш-Шейх әуежайынан Екатеринбургке ұшып бара жатып, қайтадан Шарм-эш-Шейх әуежайына оралуына тура келді.

Экипаж ұшақтағы қозғалтқыштың дабыл сигналын естігеннен кейін осындай шешім қабылдаған. Бортта 236 жолаушы болды. Ұшақ «Уральские авиалинии» компаниясына тиесілі.

Сурет: samolety.org

26 қаңтарда Оралдан Астанаға ұшқан FS 7366 рейсі бойынша FlyArystan ұшағына құстар соғылды. Air Astana әуекомпаниясының хабарлауынша, ұшақтағы жүйе мен қозғалтқыштардa ауытқу болмағандықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонған.

Сурет: Air Astana

Сурет:  REUTERS/Carlos Barria

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Air Astana FlyArystan құстарға соғылды Оңтүстік Корея Потомак өзені Рональд Рейган төтенше жағадай Үшінші ақпарат Ұшақ апаты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем жаңалықтары

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025
Әлем жаңалықтары

Түркияда бірнеше провинцияда орманды өртеген 17 күдікті ұсталды

29/06/2025
Қаржы

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

28/06/2025

Жаңа мақалалар

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

жаңалық 30/06/2025

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.