Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Букмекерлік кеңселерді жарнамалаған мекемелерге айыппұл салына бастады
Наргиза Ерес sarapshy.info 25/01/2025

Букмекерлік кеңселерді жарнамалаған мекемелерге айыппұл салына бастады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен дүкендердің сыртқы жарнамасына заңмен тыйым салынды. Заң күшіне енгенге дейін Астана қаласының әкімдігі жанындағы «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесі жарнама нысандарының иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде елордадағы 290-нан астам нысаннан букмекерлік жарнамалар алынып тасталды, — деп хабарлады Астана қаласы әкімдігі.

«Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселерді ғимараттың қасбеттеріне, ашық алаңқайларға, көліктерге және сыртқы құрылыстарға жарнамалауға тыйым салынады. Жарнамаға тек букмекерлік кеңселерде, спорт ғимараттарында және спорттық жабдықтарда ғана рұқсат етіледі. Букмекерлік компаниялардың логотиптері мен сауда белгілерін бизнестің басқа түрлерін жарнамалауда пайдалануға да тыйым салынады», — делінген әкімдік сайтында.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 455-бабына сәйкес, заң талаптарын бұзғандар 236 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің де құмар ойындар ойынауына тыйым салынған болатын. Қазақстан Республикасының аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатысты шектеулер төмендегідей:

  • Сыртқы жарнама бойынша көшелерде, ғимараттарда, көлік құралдарында жарнамаға тыйым салынған. Бұл шектеу спорт ғимараттарының ішіндегі жарнамаға қолданылмайды.
  • Бұқаралық ақпарат құралдары букмекерлерді тек спорт тақырыбындағы арнайы телеарналар мен басылымдар жарнамалай алады. Кинотеатрларда, анықтама кітаптарында және жалпы БАҚ-та жарнамалауға тыйым салынады. «Хабар» және Qazaqstan телеарналарына халықаралық спорттық трансляциялар кезінде ғана жарнама көрсетуге рұқсат етіледі.
  • Көлік құралдарында жарнамаға толық тыйым салынған.

Жарнама қандай жағдайда рұқсат етіледі?

  • Спортшылардың киімдері мен жабдықтарында логотиптерді орналастыру.
  • Спорттық турнирлер мен объектілердің ресми атауларына букмекерлердің тауар белгілерін қосу (заңнамаға сәйкес).

Сондай-ақ заңнаманы бұзған жағдайда жарнама беруші, жарнаманы шығарушы және жарнаманы таратушы да жауапты болады.

Бірінші рет ереже бұзған жағдайда, жеке тұлғаларға – 60 АЕК, лауазымды тұлғаларға – 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілеріне – 120 АЕК, орта бизнес субъектілеріне – 170 АЕК, ірі бизнеске – 400 АЕК.
⠀
Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда жеке тұлғалар – 170 АЕК, лауазымды тұлғалар – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 250 АЕК, орта бизнес субъектілері – 350 АЕК және ірі бизнес – 650 АЕК төлейді.

 

Cурет: Freepik

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
айыппұл Астана әкімшілік құқық бұзушылық букмекерлік жарнама жарнама Заң бұзушылық құмар ойын құмар ойындар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.