Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 17 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстан мен Ресейге ортақ энергетика жүйесі іске қосылады. Бұл жоба қаншалықты қауіпсіз?
Наргиза Ерес жаңалық 29/01/2025

Қазақстан мен Ресейге ортақ энергетика жүйесі іске қосылады. Бұл жоба қаншалықты қауіпсіз?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан мен Ресей электр энергияларын бірге басқаратын ресми құжатты бекітті. Бұдан кейін екі мемлекет бір-біріне қанша көлемде электр энергиясын жеткізетінін алдын ала келісіп отырады. Мәжіліс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялады.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, «бұл шешім электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, энергетикалық жүйеде апаттар қаупін азайтады».

Қазақстанда электр қуаты тапшылығы барын тілге тиек еткен министр келісім жобасының мақсаты энергетика секторындағы байланысты реттеу, оның негізгі шарттарын айқындау дейді.

«Соңғы жылдары елімізде қуат тапшылығы байқалады, осыған байланысты Қазақстан мен Ресей энергожүйелерінің шекарасында ауытқулар ұлғая түсті, яғни келісілген мемлекетаралық сальдосы +/– 150 МВт көлемінен едәуір асып түсті. Кейбір сағатта қуаттылықтың ауытқуы 1500 МВт-қа дейін жетті», – деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Бұл келісім барысы Қазақстандағы электр тарифінің өсуіне ықпал етпей ме деген сауалға министр Ресейден сатып алынатын электрдің бағасы Қазақстанның мемлекеттік органдары белгілеген тарифтерден аспауы керек екенін айтты. Демек, баға Қазақстанның жеке тұтынушылары үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінен аспауы қажет. 

Министрдің сөзінше, бұл келісім Қазақстан мен Ресей арасында электр алмасу кезінде болатын ауытқуларды азайтады. Ресейден жоспарлы түрде электр сатып алуды қамтамасыз етеді, яғни бұрын электр қуатын жоспарсыз, шұғыл сатып алуға тура келсе, енді алдымен келісіп алып, кейін сатып алуға мүмкіндік болады дейді.

Қазақстанға Ресейдің қаншалықты әсер етеді?

Министрдің бұл пікірімен «Bilim Barine» қоғамдық қорының жасыл энергетика, қоқыс-қалдықтарды басқару және климат дағдарысы салалары бойынша сарапшы Бауыржан Биахметов келіспейді. Маманның айтуынша,  екі мемлекеттің энергетикалық жүйесін бірігіп басқару Қазақстанға пайдалы болмайды. 

«Энергетикалық жүйелердегі қауіпті азайту үшін белгілі бір аймақ немесе облыстың бір бөлігіндегі бағыттар бойынша ортақ жобаларды іске асыруға болады. Бірақ екі мемлекеттің энергетикалық жүйесін біріктіріп, бір жүйе жасау, бұл, әрине, Қазақстан үшін пайдасына қарағанда зияны көп. Менің ойымша, ол елдің экономикалық қауіпсіздігіне де, саяси қауіпсіздігіне де нұқсан келтіруі мүмкін. Бірақ жеке жобаларды қарастырсақ, ол сол іске асырылатын энергетикалық жобаларға байланысты. Мысалы, Ресей біздегі Көкшетау, Өскемен, Семей қалаларына жылу электр станцияларын салады, себебі ол қалаларда жылу электр станциялары тозығы жеткен. Бұл жерде біздің экономикалық қауіпсіздікке ықпалы жоқ деп ойламаймын», — дейді. 

Сонымен қатар маман осыған дейін екі елдің біріп жасаған жобасын да тілге тиек етті.

«Ресей мен Қазақстан бірігіп, «Каспий құбыр консорциумы» жобасын іске асырды. Бұл жоба арқылы Қазақстан өзінде өндірілген мұнайдың әжептәуір бөлігін осы құбырлар арқылы экспорттайды. Құбырлар Ресей территориясы арқылы өтетін болғандықтан, міндетті түрде белгілі бір экономикалық және саяси да бір тәуелдік болады», — деді. 

Электр энергиясының бірігуі алдағы уақытта екі ел арасындағы саяси және экономикалық жағдайға мен энергетика секторына әсер ететінін айтады сарапшы.

«Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелерінің бірігуіне қарсымын. Себебі ол өзіндік тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Яғни энергетикалық тәуелдік. Ертең Ресей қандай да бір саяси немесе экономикалық себептерге байланысты электр энергиясын беруді шектесе немесе мүлдем тоқтатып тастаса, Қазақстан энергия тапшылығына тап болуы мүмкін. Бұдан бөлек, Қазақстандағы тариф Ресейдегі нарыққа байланып қалады. Сол себепті бізде жеке жүйе болғаны дұрыс. Одан бөлек, қазіргі Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси қақтығыстардың күшеюі Қазақстанның энергетикалық жүйесіне де әсер етуі мүмкін. Егер Ресей санкцияларға ұшыраса немесе оған қарсы экономикалық шектеулер енгізілсе, бұл міндетті түрде Қазақстанға да жанама түрде әсер етеді», — дейді Бауыржан Биахметов. 

Сарапшы кей елмен коллаборациялар істеу тиімді екенін айтады. Себебі Қазақстанның кейбір аймағына инфраструктураны тарту қымбат немесе ұзақ уақыт алатын болса, оны Ресейден ала салу тиімді болса, бұндай жобаларды қарастыру керек. 

Екі елдің энергетика жүйесінің бірігуі Қазақстандағы тарифтің өсуіне де әсер ететітін айтады маман. 

«Екі елдің тарифін салыстырудан бастау керек. Менің білуімше, Ресейдегі электр энергиясының бағасы Қазақстанға қарағанда жоғары. Қай елдің нарығы үлкенірек, сол елдің тариф бағасының өзгеруіне ықпалы көбірек. Осыны ескеретін болсақ, екі мемлекетте ортақ жүйе болатын болса,  электр энергиясында тарифтің өсуі ықтимал»,— дейді.

Сурет: Ашық дереккөзден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Алмасадам Сәтқалиев Каспий құбыр консорциумы нергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуі Ресей электр тарифі электр энергиясы нарығы электр энергиясының бағасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025
Әлем жаңалықтары

Еуропа одағы 2027 жылы Ресейден сұйытылған газ тасымалдауды тоқтатпақ

05/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.