Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 134 млн теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.
Тінту барысында оның үйінен 171 млн теңгеге жуық қаражат табылған.
Айта кетейік, өңірдің білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Ол педагогтарға мемлекеттік аттестаттаудан өтуге «көмектескені» үшін бірнеше рет түрде ақша алған.
Аталған екі тұлға да қамауға алынды.
2025 жылдың желтоқсан айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жаңа стандарт қоғамдық талқылауға түсті. Жаңа нормада кірістер декларациясын кеш тапсырған мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тарту, жұмысшыларға жыл сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәрістер өткізу секілді өзгерістер бар.
фото: ҰҚК видеосынан жасалған скриншот

