Елімізде әлемдік деңгейдегі 3 ірі мұнай-газ кенорны бар:
Теңіз – жылдық өнімі 39 млн тонна.
Қашаған — 18 млн тонна.
Қарашығанақ — 12 млн тонна.
Республикалық бюджеттің негізін осы кен орындарын игеруші компаниялар төлейтін салықтар қалыптастырады. Бірақ ащы да болса шындық — кезіндегі жасалған келісім шарттарға сай бұл байлықтың басым бөлігі шетелдік инвесторларға тиесілі болып бекітілген.
Мұнай-газдан түскен қыруар қаржы Қазақстанға асып-тасып жатқан мол пайда әкелмегенімен, бюджетті аман сақтап қалуға қызмет етіп келеді.

«Егер осы 3 алпауыт кен орнының билігі толығымен өзімізде болғанда, бүгінгі экономикалық жағдайымыз қандай болар еді?» — Норвегия мен Парсы шығанағы елдерінің тұрмысын көргенде, әрбір азаматтың көкейінде осы сұрақ туындайды.
Үш кен орнынан соңғы онжылдықта түскен салықтық төлемдердің жалпы сомасы ~30 трлн теңгеге жетті:
«Теңізшевройл» (ТШО) — 19,9 трлн теңге
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (KPO) — 9,2 трлн теңге
North Caspian Operating Company (NCOC / Қашаған) — 982,1 млрд теңге

Бұл аз ба, көп пе? Салыстырып көрейік:
2025 жылғы Республикалық бюджет кірісі: — 21,09 трлн теңге (оның меншікті салықтық кірісі 15,3 трлн)
Бюджет шығысы — 25,15 трлн теңге
Тапшылық (дефицит) — 4,06 трлн теңге
Ұлттық қор активтері кепілдендірілген 5,25 трлн теңгелік рекордтық трансферттерге қарамастан, 2025 жылдың соңында 73,8 млрд АҚШ долларын құрады.
Президент Қ.К. Тоқаев атап өткендей, кезінде бұл шарттар елге шұғыл инвестиция тарту үшін қабылданды.
Шұғыл шешім қабылдап, Келісімшарттарды біржақты бұзу, беделге нұқсан.
Бірақ реттеу шаралары жүріп жатыр:
Конституциялық реформа болды, Жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі деп бекітілді.
Заңнамалық шек қойылды — «Жер қойнауы туралы» заңға сәйкес, жаңа келісімшарттарда мемлекет үлесі 50%-дан кем болмауы тиіс.
2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметке Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған бойынша келісімшарттарды ұзарту кезінде еліміз үшін жаңа, тиімді шарттарды енгізу тапсырылды.
Қашаған консорциумына қойылған 160 млрд долларлық талап-арыздың да астарында осы инвесторлармен ойын ережесін ұлттық мүддеге сай қайта қарау мақсаты жатқан сияқты.

