Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандарт бекітіледі
Дария Ғұмар жаңалық 13/12/2025

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандарт бекітіледі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жаңа стандарт қоғамдық талқылауға түсті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Қызметкерлер сыйлықтар мен «қонақжайлылыққа» жататын сияпатты қабылдаудан бас тартуы керек. Азаматтық кодекске сәйкес, мемқызметкерлер құны 10 АЕК-тен (39 320 теңге) асатын сыйлықтарды қабылдай алмайды.

Мемлекеттік сатып алу кезінде жеке мүдделердің ықпалына жол берілмейді, делінген министрлік хабарламасында. Айта кетейік, қазір 2022 жылы 329,5 млн теңгеге 43 су резервуарын сатып алып, 3 жылда бірде-бір рет қолданбаған «Батыс су арнасына» қатысты тексеріс жүріп жатыр .

Сонымен қатар министрлік кірістер декларациясын кеш тапсырған мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тартуға мүдделі.

Жұмысшыларға жыл сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәрістер өткізілмек. Оқытудан кейін олар тест тапсыруға міндетті. Сұрақтардың 60%-на дұрыс жауап берген қызметкер емтиханнан өте алады.

Стандартта кадрлық іріктеудің ашықтығы, мемлекеттік сатып алулардағы бәсекелестікті қамтамасыз ету және есептілікті арттыру тетіктері де қамтылған.

2025 жылдың басында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жаңа заң жобасы әзірленетіні белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ұлан Сарқұлов пара туралы уәделескендерді жазалап, жемқорлар тізімін жария етуді ұсынды.

Биыл қаңтар айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға «Мүдделер қақтығысы» туралы тарау енгізіледі. Тарауда мемлекеттік қызметшілер мен олардың басшылары арасында мүдделер қақтығысы туындаған жағдайдағы жауапкершілігі көрсетілмек.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.