Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 14 қыркүйек
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»
Редакция Сарапшы пікірі 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Озықты күйрету, алға шыққанды артқа тарту кімге керек болды?
Өзі бізде кейде ілгері басқан аяғымызды кері тартып, үздік дүниені бүлдіруге, озық дүниені қиратуға құмар секілдене береміз, неге?
Айтпағым — бүгінгі министр Жұлдыз Досбергенқызының жұлдызын жаққан Назарбаев зияткерлік мектептері желісі мен елдегі жалғыз 12 жылдық білім стандарты туралы ой еді. Министрдің өзінің жұлдызын жаққан жердің шаңын қағып алғысы келіп тұрғандай сөзі селк еткізді, ойландырды.
Сәл шегініс жасап, екі нәрсені бөліп те, бірге де қарайық, себебі желдің шығу себебі қайдан?
Алдымен 12 жылдық білім беру жүйесі туралы. Кеше осыдан 12 жыл бұрын жазған мақаламды салып едім. Орта білімін 12 жылдыққа бүгін әлемнің 150-ге жуық елі көшірді. Оның ішінде 20 жылдан аса уақыт өткен жапон, қытай, корей секілді шығыстың алпауыттары һәм АҚШ, Германия, Франция секілді батыстың алпауыттары да бар. Білімімен тәнтті етіп, сапасымен әйгілеп жатқан Финляндия, Сингапур, Эстония да бар.
Ал біздің көршілеріміз ше? 12 жылдыққа өзбек көшіп алды, қырғыз көшіріп жатыр, моңғолдар көшкелі 10 жылдан асты.
Біз ше? Ілгері басқан аяғымыз кері кетіп, елдегі жалғыз 12 жылдық білім беру стандартындағы Назарбаев зияткерлік мектептерін 11 жылға көшіру туралы әңгіме айтып әлекпіз!
Әлемдік топ-100 университетке түсетін кімдер? НЗМ түлектері. Әлемдік олимпиадада жүлде салатын кімдер? НЗМ және БИЛ шәкірттері. Халықаралық SAT емтиханын шімірікпей шағып, әлемдік қауымдастықта қазақ баласының дарынын әйгілеп жатқан кімдер? Тағы сол НЗМ шәкірттері.
Неге? Елде одан басқа дарынды балаларға арналған статусы бар қаншама мектеп бар, неге олардың шәкірттері НЗМ қасында шаң қауып қалып жатыр? Себебі — жүйе!
Енді біреу саясат үшін, біреу Назарбаев деген ат үшін, біреу жеке көреалмастық кесірінен, біреу ұпай жинау үшін сол жүйенің шақ-шәлекейін шығарып, өзіміздің стандартты әрең меңгертіп жүрген, бір сыныпта 40-тан асқан бала отыратын мектептердің қатарына түсіргісі келеді.
Сол жүйені жасау үшін 15 жыл кетті. Сол жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті.
Біз білімге шынайы қараймыз десек, сапаны шынайы көтереміз десек, басқа мектептерді НЗМ деңгейіне жеткізейік!
Елдің білім жүйесін 12 жылдыққа (оның әртүрлі форматы туралы кеше кеңінен айттым) көшірейік. Біздің балалардың білімін әлем мойындайтын, «foundation» (дайындық) оқы демейтін, тікелей бірінші курсына түсе алатын жағдай жасайық.
Осы жерде тағы бір нәрсені кірістіре кетейін. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза бакалаврдың оқу жылын қысқарту туралы айтыпты. Екі министрлік осы мәселеде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса, орта білім 12 жылдыққа өтсе, университет бакалаврды 3 жылға түсіре салса қандай тамаша болар еді! Бұл екі жеп биге шығу, екі жақтың сәйкесуі болар еді.
Ал дәл қазір мына түрмен екеуі екі жаққа тартатын секілді. Біреулерге салсаң, 10 жылда да жетеді дейді!
Қазақ баласы әлем мойындаған білім стандартымен, әлем мойындаған сападағы білімді алуы керек. Ол үшін сол стандартқа көшіп, сол сапаға жұмыс істеу керек!
ҰБТ-ны жаңа деңгейге шығаруға жұмыс істеліп жатыр, әлемдік стандартқа, халықаралық емтихандарға бұрып жатыр. Тамаша!
Бірақ орта білім ше? Баланың білімі соған сай ма?
Жұлдыз ханым, НЗМ-ды 11 жылға түсіруді емес, тұтас елдің білім жүйесін 12 жылдыққа көшіруді ойлаңыз!
Бәрінен бюджетті үнемдеуге болады, тек білім мен ғылымнан емес. Ұлттың, ұрпақтың тәрбиесі мен білімінің қайнар көзі — мектеп пен университеттен үнемдеп, жыртық жамамай-ақ қойсақ. Сол бір жылдан үнемделген ақшаны болашақта басқа нәрсеге, өкінішті дүниеге жұмсап қампаңдамайық. Мектеп сапасыз болса, түрмеде қылмыскер көп болатынын жақсы білесіз.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп, бүгінгі мектептегі 4 миллион оқушы, мектепке дейінгі жастағы 3 миллион бала сапалы білім алып, өзгеден кем болмасын. Тіпті, «жұрттың баласын қарашы» деп нұсқайтын қауымбыз ғой, кейін көршілердің (өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, парсы) балаларының артында қалып қоймайық.
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі… Қазақ ішіндегі не түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі. Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын? Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы. Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып, қайырылар, халық түзелуінің үміті — жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі — бәрінен бұрын ескіріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс. — Ахмет Байтұрсынұлы
Ал біз «орамалмен» деп айтысып, «қыркүйек» деп тартысып, сөз қуып, оза шыққанды күйретіп, өзімізді өзіміз батпаққа алып бара жатқан жоқпыз ба?
Жұлдыз Досбергенқызы, Назарбаев зияткерлік мектептерінің жүйесінен үлкен тәжірибе алып танылып шықтыңыз. Сол жүйені бүкіл елге қалыптастырып, 12 жылдық білім стандартына көшуді тезірек қолға алыңыз!
Тарих сізге мүмкіндік берді, президент сізге құзырет берді, ел сізге сенім берді. Ал сіз осы мүмкіндігіңізді кабинет ішіндегі тартыс пен интригаға, БЖБ, ТЖБ деңгейіндегі ұсақ шаруаға емес, ұлы миссияға жұмсаңыз!
Тарих ешкімге екі мүмкіндік бермейді!
Білім сарапшысы, ғылым докторы, шебер педагог, ұлтын сүйер ұл ретіндегі жалғыз тілегім де, ниетім де осы. Сұрап отырғаным жеке басымның да, өзіңіз күйретуге үлес қосқан «Қазбілімнің» де қамы емес, қазақ баласының қамы, қазақ елінің болашағының мұңы! Сәттілік!
Құрметпен, Аятжан Ахметжанұлы
ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, PhD химик, шебер педагог 
*мәтін Аятжан Ахметжанұлының фейсбук парақшасынан алынды

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
Аятжан Ахметжанұлы білім жүйесі Екінші ақпарат Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
жаңалық

БҚО-да еріген қар суы жолды басты

20/03/2026
Подкаст

Бөкей ордасының тарихтағы орны қандай? Неге Бөкей хан жайлы көп айтылмайды? Сарапшылар отырысы.

01/03/2026

Жаңа мақалалар

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

Біздің сараптама 09/09/2026

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026
Сайт мұрағаты
Қыркүйек 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.