Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 8 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер
Жадыра Мүсілім Саясат 01/10/2026

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыстар бүгінде саяси сенімге, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастыққа және гуманитарлық байланыстарға сүйенген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Қазір қос ел сауда-инвестициялық байланыстармен қатар, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру, жасанды интеллект, жаңа технологиялар, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

Үндістанның 2026 жылғы БРИКС төрағалығы мен Қазақстанның БРИКС серіктес елі ретіндегі қатысуы екіжақты байланысты көпжақты тарапта сабақтастыра түсті. Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті аясындағы екі ел басшыларының кездесуі де бағыт-бағдарды айқындап берді. Ал Астанада өткен «Қазақстан-Үндістан стратегиялық диалогы-2026» екі ел арасындағы сарапшылық және академиялық байланысты нығайтып, ортақ жобалардың келесі кезеңін талқылауға мүмкіндік берді.

Еліміздегі Үндістан Елшілігі Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырған жиында сарапшылардың пікірі де бір арнаға тоғысты. Іс-шараның ашылуында Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангал, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Дәурен Әбен, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ басқарма мүшесі – әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Ләззат Төлегенқызы, Сыртқы саяси зерттеулер институтының өкілі Сергей Савельев сөз алды.

Академиялық әріптестіктің ауқымы кең

Екі ел арасындағы байланыстың тағы бір маңызды бағыты – білім мен ғылым. Осы орайда Еуразия ұлттық университеті үндістандық жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кезең-кезеңімен кеңейтіп келеді. Диалог барысында ЕҰУ басқарма мүшесі Ләззат Төлегенқызы университеттің Үндістанның жоғары оқу орындарымен байланысы тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ЕҰУ Үндістан технологиялық институтының Канпур және Бомбей кампустарын қоса алғанда, бірқатар жетекші жоғары оқу орнымен меморандумдар жасасқан. «Технологиялық ынтымақтастық біздің әріптестігіміздің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді», деді ол. Сонымен бірге, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ғылыми-технологиялық байланыстың нақты жобалармен толыққанын атап өтті. Соның бірі – 2015 жылы ЕҰУ базасында құрылған Қазақстан–Үндістан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құзыреттілік орталығы. Биыл университеттің Физика-техникалық институтында Заманауи материалдар зертханасының ашылуы да ғылыми байланыстардың жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Сонымен бірге жоғары өнімді есептеу жүйелері, кванттық технологиялар және жасанды интеллект бағыттарында бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Проректордың мәліметінше, жоғары өнімді есептеу жүйелерімен мемлекеттік мекемелердің, жеке сектордың өкілдері, оқытушылар мен студенттерді қоса алғанда, 60-тан астам маман білім алған.

Стратегиялық диалог барысында Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангал екі ел арасындағы саяси байланыстардың ерекше жылы әрі өзара сенімге негізделгенін атап өтті. Оның айтуынша, екі ел қарым-қатынасы терең тарихи және өркениеттік байланыстарға, өзара құрметке, бейбітшілік пен тұрақты дамуға деген ортақ ұстанымдарға сүйенеді. Соңғы жылдары бұл әріптестік қауіпсіздік, қорғаныс, көлік-логистика және өңірлік ынтымақтастық сияқты бағыттармен толыққан. Дегенмен дипломат экономикалық байланыстардың, әсіресе сауда мен инвестиция көлемінің әлеуетке сай деңгейге әлі толық көтерілмегеніне назар аударды. Оның пікірінше, екіжақты сауда көлемінің 1 миллиард АҚШ долларынан төмен болуы екі ел экономикасының нақты мүмкіндіктерін толық көрсетпейді. Себебі Қазақстан мен Үндістан экономикалары бір-бірімен бәсекелес емес, керісінше, өзара толықтыруға мүмкіндік беретін сипатқа ие.

Стратегиялық диалогтан нақты жобаларға дейін

Үндістан Қазақстан үшін ауқымды әрі қарқынды дамып келе жатқан нарық болса, Қазақстан Үндістанға энергетика, стратегиялық маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жаңа мүмкіндіктер ұсына алады. Осы тұрғыдан алғанда, тараптар үшін басты міндет – қалыптасқан саяси сенімді нақты сауда-инвестициялық жобаларға айналдыру болуы керек. Елші бұл бағытта Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі тарапынан атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды. Оның айтуынша, биыл екі елдің іскерлік байланыстарын жандандыруға бағытталған бірқатар нақты шара жүзеге асқан. Соның ішінде  Үндістан–Қазақстан фармацевтикалық, Қазақстан-Үндістан бизнес-форумдары мен B2B кездесулері, көрмелер, Қазақстан бизнес өкілдерінің Үндістанға сапары секілді маңызды жиындар да бар. Әйткенмен, Сайлас Тангал атап өткендей, жекелеген бизнес-форумдар мен көрмелер өткізудің өзі жеткіліксіз. Сауда көлемін ұлғайту үшін екіжақты экономикалық қатынастардың дамуына кедергі келтіріп отырған құрылымдық мәселелерді де шешу қажет. Олардың қатарында көлік қатынасы мен логистика, кедендік рәсімдер, төлем тетіктері, нарыққа шығу мүмкіндігі, реттеуші талаптар, ақпарат алмасу және инвестицияларды ынталандыру мәселелері тұр. Бұл мәселелердің шешімі екі ел арасындағы сауда айналымын арттырумен ғана шектелмейді. Көлік-логистикалық байланыстың жақсаруы тауар қозғалысын жеделдетіп, бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік бермек. Ал сауда мен инвестиция көлемінің артуы стратегиялық серіктестіктің экономикалық негізін нығайтпақ.

СІМ Сыртқы саяси зерттеулер институтының өкілі Сергей Савельев екі ел 35 жылға жуық дипломатиялық, ал, 2009 жылдан бері стратегиялық әріптес екенін айтты. Оның сөзінше, екіжақты байланыстар БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, БРИКС және «Орталық Азия-Үндістан» диалогы сияқты көпжақты алаңдарда да дамып келеді. Оның пікірінше, Қазақстанның табиғи ресурстары, агроөнеркәсіптік және транзиттік әлеуеті Үндістанның технологиялық, өнеркәсіптік және адами капиталымен өзара толықтыра алады. Әсіресе энергетика, уран, стратегиялық маңызды минералдар, фармацевтика, цифрландыру және бірлескен өндіріс бағыттарының әлеуеті жоғары. Ал ҚСЗИ директорының орынбасары Дәурен Әбеннің сөзінше, әлемдік экономикадағы өзгерістер, жеткізу тізбектерінің қайта құрылуы, энергетикалық қауіпсіздік пен стратегиялық минералдардың маңызының артуы – Қазақстан мен Үндістан үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып отыр. Сарапшы қос елдің өзара толықтыратын әлеуеті көп дегенді келтірді.

«Ендігі мәселе тек сауда көлемін арттырумен шектелмеуі керек. «Біз нені бірге өндіре аламыз?» деген сұраққа жауап іздеу маңызды. Бұл ретте технология трансфертімен қатар бірлескен ғылыми-зерттеу, инновациялық жобалар және адами капиталды дамытуға басымдық берген жөн», — деді ол.

Үндістанның «Вивекананда» халықаралық қорынан доктор Правеш Кумар Гупта энергетика мен стратегиялық маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге боларына тоқталды. Қазақстанның минералдық ресурстары Үндістанның өсіп келе жатқан энергетикалық және технологиялық қажеттіліктерімен өзара толықтыра алады. Бұл ретте бірлескен барлау, өңдеу, технология және инвестиция жобаларына басымдық беру маңызды. Ол сондай-ақ қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы әріптестікті дәстүрлі әскери ынтымақтастықпен шектемей, киберқауіпсіздік, терроризмге қарсы іс-қимыл, жасанды интеллект, ғарыштық технологиялар және кадр даярлау бағыттарында дамытуға болатынын атап өтті.

Өңірлік тұрақтылыққа ортақ үлес 

Екі елдің өңірлік және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосатын үлесі зор.  NatStrat үйлестірушісі Панкадж Саран осылай деді. Ол екі елдің географиялық және геосаяси жағдайына тоқталып, Қазақстан мен Үндістанның ірі державалармен қатар өмір сүру, стратегиялық дербестікті сақтау және әртүрлі мемлекеттермен теңгерімді қарым-қатынас орнату тәжірибесінде ортақ тұстар бар екенін айтты. Оның айтуынша, Ауғанстанды қалпына келтіру, ел ішіндегі татуласу мен тұрақтылықты қолдау бағыттарында екі елдің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін ұштастыруға болады. Сонымен қатар сарапшы ішкі тұрақтылықтың маңызына назар аударды. Саяси, экономикалық және қоғамдық тұрақтылық өзара тығыз байланысты. Қоғамдағы келісім, әлеуметтік топтардың өзара түсіністігі, терроризм, есірткі айналымы, радикалдану және сепаратизм сияқты қауіптердің алдын алу өңірлік қауіпсіздікке де тікелей әсер етеді. Осы ретте мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамыту қажеттігі зор. Саран экономикалық ынтымақтастықты да тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырды. Оның айтуынша, Қазақстан мен Үндістан экономикалары бірін-бірі толықтыра алады. Әсіресе энергетика саласында жаңа мүмкіндіктер бар. Ол Үндістанның ядролық энергетиканы дамыту жөніндегі ауқымды жоспарларына тоқталып, бұл бағыт Қазақстанның уран ресурстары мен энергетикалық әлеуетін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыра алатынын айтты.

Алатау қаласы жаңа мүмкіндікке айнала ма?

Жиын барысында Қазақстандағы стратегиялық жобалардың бірі – Алатау қаласына үнді компанияларының қатысу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Сайлас Тангал хабарлады.

Алатау қаласы –  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалардың бірі. Жаңа қала greenfield қағидатымен салынып, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект негізінде басқарылатын инфрақұрылым қалыптастыру көзделіп отыр. Қала Алматыдан шамамен 50-60 шақырым қашықтықта орналасып, толық іске қосылған жағдайда Алматының көлік және инфрақұрылымдық жүктемесін азайтуға ықпал етпек.

Елші үнді компанияларының бұл жобаға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті. Осы мақсатта Үндістанның Ұлттық жылжымайтын мүлікті дамыту кеңесі NAREDCO өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жоспарланған. Ұйым құрамында Үндістанның ірі жылжымайтын мүлік және құрылыс компаниялары бар. Сайлас Тангалдың айтуынша, алдағы сапар тек танысу сипатында өтпей, нақты жобалар мен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылауға бағытталмақ. Үнді делегациясының Алатау қаласының аумағымен танысып, Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдарымен және құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізуі көзделіп отыр. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік саласында бизнес-форум өткізу жоспарланған. Бұл бастама екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нақты жобалармен толықтыруға бағытталған қадамдардың бірі ретінде қарастырылып жатыр. Әсіресе, жоғарыда атап өткен, Үндістанның цифрлық индустрия, фармацевтика, биотехнология, құрылыс және заманауи технологиялар салаларындағы әлеуетін ескерсек, Алатау қаласы жаңа серіктестік бағыттарының біріне айналуы мүмкін.

Осылайша, стратегиялық диалог барысында Қазақстан мен Үндістан арасындағы қатынастардың саяси сеніммен ғана шектелмей, инвестиция, технология, энергетика, көлік-логистика және қалалық инфрақұрылым секілді нақты бағыттарда дамып келе жатқаны байқалды. Сарапшылар мен дипломаттардың пікірлері де екі ел үшін ендігі міндет – қалыптасқан саяси өзара түсіністікті нақты экономикалық жобалар мен ұзақмерзімді әріптестікке айналдыру екенін көрсетті.

 

Автор

  • Жадыра Мүсілім

    Алматы облысында дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық журналистика факультетін бітірген. 2016 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану жане журналистика» факультетін тәмамдаған. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. Әр жылдары "Ана тілі", "Заң", "Халық сөзі", "Қазақстан заман", "Сақшы" газеттерінде, "Тағдыр таразы" журналында тілші, бөлім меңгерушісі, "Жария" ақпараттық сайтының шеф-редакторы, "Айқын", "Егемен Қазақстан" газеттерінің тілшісі қызметін атқарған. 2025 жылдан бастап sarapshy.info ақпарат агенттігінің тілшісі.

    Барлығын қарау
дипломатия Инвестиция Қазақстан ҚР елшілігі Сауда айналымы стратегия Үндістан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.