Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Құрылтайдың құқықтық мәртебесі: бірпалаталы парламент қалай құрылады?
Дария Ғұмар Саясат 26/01/2026

Құрылтайдың құқықтық мәртебесі: бірпалаталы парламент қалай құрылады?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

26 қаңтарда өткен конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында құрылтайға үкіметке сенімсіздік білдіру құқығы берілуі мүмкін екені белгілі болды. Бұл туралы сенат депутаты Нұрлан Бекназаров хабарлады.

«Құрылтай – Қазақстан Республикасының заңнамалық билігін жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі конституциялық заңмен айқындалады», — деді сенатор.

Құрылтай депутаттарын тағайындау мен олардың өкілеттіктеріне бекіту туралы да ұсыныстар болды. Құрылтай бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінде пропорционалды жүйе бойынша сайланатын 145 депутаттан құрылады. Әр депутат 5 жыл қызмет атқаруға тиіс.

Айта кетейік, 20 қаңтарда өткен ұлттық құрылтайдың 5-съезінде құрылтай халық кеңесін құру туралы сөз қозғалды.

Құрылтайдың міндеттері қандай?

Сенатордың айтуынша, құрылтай президент сайлауын жариялау және республикалық референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығына ие болады. Сондай-ақ депутаттар вице-президент пен премьер-министрдің тағайындалуына дауыс береді.

Президенттің ұсынысымен құрылтай конституциялық соттың 10 судьясын, орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін және жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін тағайындауға келісім бермек. Қазір бұл өкілеттіктерді сенат атқарады.

Бұдан бөлек конституцияға үкімет пен жоғары аудиторлық палатаның бюджеттің орындалуы жөніндегі есебін бекіту ұсынылды.

Халық кеңесі — ассамблея мирасқоры

Комиссия отырысында халық кеңесінің қызметі туралы да сөз қозғалды. Жаңа орган қоғамдық-саяси бірлестіктер мен белсенді азаматтарды біріктіреді.

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев халық кеңесі ассамблея мен ұлттық құрылтай функцияларын жалғастыратынын мәлімдеді.
Сенатор Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, халық кеңесі – халықтың мүддесін қорғайтын жоғары консультативтік орган болмақ және оның құрамы Қазақстан Республикасының азаматтарынан құрылады.
«Халық кеңесін құру тәртібі, оның құрамы, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру мәселелері Конституциялық заңмен бекітілетінін атап өткен жөн», — деді ол.

фото: Конституциялық сот

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 ассамблея Бірпалаталы парламент депутат Екінші ақпарат Ел президенті Конституциялық реформа Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай саясат Халық кеңесі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.