Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Экономикадан бастап жаңа саяси жүйеге дейін: ұлттық құрылтайда не айтылды?
Дария Ғұмар Шолу 20/01/2026

Экономикадан бастап жаңа саяси жүйеге дейін: ұлттық құрылтайда не айтылды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайдың V отырысында энергетикадағы тапшылық, ірі инфрақұрылымдық жобалар, экономикалық саясаттағы жаңа кезең және саяси-құқықтық реформалар жөнінде бірқатар нақты тұжырым айтылды.

Жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, инфрақұрылым, экономикалық саясат, парламенттік реформа және құқықтық жүйені жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

Энергетикалық қауіпсіздік

Президенттің энергетика саласындағы басты мәселе – электр энергиясының жетіспеушілігі туралы айтты. Қазіргі кезде  елде сағатына 123,1 млрд кВт/сағат энергия өндіріледі.

Осыған орай көмір генерациясын күшейту, газ және баланстаушы қуатты дамыту, атом электр станцияларын күтпей жаңа көздерді іске қосу секілді шараларды жүзеге асыруға үкімет қамдануы керек. Құрылтайда елдегі дата-орталықтардың энергия тұтынуы металлургиямен тең екені туралы да сөз қозғалды.

Алайда елде энергия тапшылығы бар кезде энергия сыйымдылығы жоғары жобаларды іске қосу қаншалықты орынды екені туралы сұрақтың басы ашық қалды.

Экономикадағы фискалдық кезең

Президент экономикалық өсімді бәсеңдетпеу мемлекеттің басты стратегиялық мақсаты екенін атап өтті.

«Осы мақсатта инфляцияны төмендету, жаңа инвестициялық цикл бастау, салық саясатын жаңарту бағытында нақты қадамдар жасалуға тиіс», – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда баға өсімі халық табысынан 7 есе жоғары. 2021-2025 жылдар аралығында баға деңгейі жиынтық түрде 74%-ға өскен. Халықтың нақты табысы бұл кезеңде шамамен 10%-ға ғана артқан. Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, бұл теңгенің құнсыздануын білдіреді.

Жаңа Салық кодексіне көшу барысында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға «фискалдық транзитті» бейтарап әрі қақтығыссыз қамтамасыз ету тапсырылды. Қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды мұқият зерделеп, қажет жағдайда түзетулер енгізу ашық экономикалық саясаттың басты шарты ретінде көрсетілді.

Жаңа Парламент туралы не белгілі?

Құрылтайдағы ең өзекті тақырыптардың бірі – парламенттік реформа. 2025 жылдың 8 қыркүйегінде президент жолдауында бір палаталы парламент құру туралы айтылды. Сенатты тарату жөнінде референдум 2027 жылы өтеді.

Жаңа заң шығарушы органның атауын «Құрылтай» деп атау ұсынылды. Президент бір палаталы парламентке көшу бастамасын қоғам қолдап отырғанын мәлімдеді.

Жұмыс тобының қорытындысы бойынша Парламент 145 депутаттан тұрады, комитеттер саны 8-ден аспайды. Депутаттар пропорционалды жүйе арқылы сайланады. Партиялық меже 5% деңгейінде бекітілді.

Президент сөзінде құқықтық мемлекет қағидатын нығайту мәселесіне де кеңінен тоқталды. Конституцияның бірқатар нормаларын нақтылау, Президент сайлауына қатысты тәртіпті айқындау, цифрлық құқықтар мен жеке деректерді қорғауды Ата заң деңгейінде бекіту ұсынылды.

Айта кетейік, енді елді вице-президент қызметі іске қосылады. Ал Қазақстан халқы ассамблеясы мен ұлттық құрылтайдың міндеттері халық кеңесіне тапсырылады.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 Бірпалаталы парламент Екінші ақпарат Инфляция Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.