Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Маңғыстауда заңсыз құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
Наргиза Ерес жаңалық 24/02/2025

Маңғыстауда заңсыз құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Маңғыстау облысында заңсыз құмар ойынды ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, топ 2022-2023 жылдары компьютер залы ретінде тіркеліп, банк аударымдарымен ақша қабылдаған. Ойынға қатысушылар арнайы сайт арқылы тіркелген.

Осы уақыт аралығында топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асқан.

«Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алғаны анықталды», — деп хабарлады агенттік.

Сот күдіктілерді заңсыз құмар ойын ұйымдастыру және қылмыстық топ құру бойынша кінәлі деп танып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.

Дәл осындай оқиға 2024 жылы Қарағандыда тіркелді. Күдікті «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алып, арнайы ойын үстелдерін орнатып, ойын фишкалары мен карталарын сатып алған. Банк шотына 32 миллион теңгеден астам қаражат түскен.

Бұған дейін ҚМА елдің бірнеше облысында жұмыс істеген заңсыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырғандарды Солтүстік Қазақстан облысында анықтаған еді. 100 мың теңгеге дейінгі ставкалары бар покер ойындары «Club GG» жалпыға қолжетімді қосымшасында мыңдаған аудиторияны тарта отырып, 40-тан астам ойын үстелдерін өткізген. 2024 жылы қатысушылардың банктік шоттарына түскен табыс 55 млн теңгеден, қатысушылардың саны 4 мыңнан асқан.

Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен ҚМА төрағасы Жанат Элиманов агенттік 2024 жылы 1312 қылмыстық істі тергеп, одан 236,8 миллиард теңге заңсыз айналымда жүргенін анықтағанын айтқан еді.

Одан бөлек 42 қаржы пирадасы жойылып, алаяқтық схемаларды жарнамалайтын 15 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған.

«Мессенджерлердегі 327 чат жабылған. Әлеуметтік желілердегі 41 онлайн құмар ойын алаңы, астыртын жұмыс істейтін 30 ойын залы, казино мен букмекерлік кеңсе әшкереленіп, 11,7 мыңнан астам онлайн-казино сайтына кіруге тосқауыл қойылды. Агенттік қызметкерлері 120 млрд теңге көлеміндегі негізсіз бюджет шығындарының алдын алып, заңсыз крипто алмастырушы арқылы қылмыстық кірістерді заңдастыруға ниеттенген 36 әрекеттің жолын кесті», — деді төраға.

2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен дүкендердің сыртқы жарнамасына заңмен тыйым салына бастады. 

 

Сурет: Ашық дереккөздерден

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
заңсыз құмар ойын казино ҚМА құмар ойын ұйымдастыру Қылмыстық топ қылмыстық топ құру Маңғыстау Ойын бизнесі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.