Елде сиыр еті және картоп экспортына қатысты талап жеңілдетіледі. Бұл туралы Экономика министрлігі хабарлады.
Енді сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талаптары жеңілдейді. Қазір квота алу үшін кәсіпорында кемінде 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы және ет комбинаты болуы керек. Ұлттық статистика бюросы ұсынған есепке сәйкес, 2025 отандық өндірушілер 100,8 мың тонна ет экспорттаған.
Сондай-ақ ішкі нарықтағы өнім көлемі жеткілікті болғандықтан картоп экспортына қойылған шектеу күшін жойды.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа импортына тыйым салды.
фото: freepik.com

