Қазақстан аумағына үшінші елдерден және ЕАЭО мемлекеттерінен тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым енгізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Барлық көлік түрлерімен әкелінетін тағамдық тауық жұмыртқасына 1 айға шектеу қойылды. Тыйым Қазақстан аумағы арқылы транзитке және ЕАЭО елдерінің бірінен екіншісіне Қазақстан арқылы өткізілетін өнімдерге қолданылмайды.
Ведомство бұл өзгеруістің негізгі мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан азық-түліктің бірнеше түрін өзге елдерден қомақты көлемде импорттады.
Импорттың жалпы көлемінен бөлек, ең маңызды көрсеткіш – импортқа тәуелділік деңгейі. Қазақстанның өзге елдерге құс еті бойынша тәуелділігі – 73%, балық – 60%, қант – 42%, ет және ет өнімдері – 17%.
фото: freepik.com

