Автор: Nargiza Yeres

2024 жылғы 21 желтоқсанынан бастап Қазақстанда микроқаржы омбудсманы өз қызметін бастайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұл бастама қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Микроқаржы омбудсманының негізгі мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау және микрокредиттерге байланысты дауларды сотқа дейін реттеуге көмектесу. Омбудсман Қазақстан азаматтарының мерзімі өткен қарыздарын реттеу, сондай-ақ коллекторлық агенттіктермен туындаған мәселелерге жауапты. Омбудсман қалай жұмыс істейді? Біріншіден, омбудсманның көмегіне тек микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) клиенттері – жеке тұлғалар жүгіне алады. Егер қарыз алушы микрокредит бойынша қарызын уақытында төлей алмаса және төлем мерзімі өтіп кетсе, ол мәселені шешу үшін алдымен микроқаржы ұйымына жүгінеді. Мақсаты – қарызды қайта құрылымдау (төлем шарттарын…

Read More

Желтоқсанның 15-16-сы күндері  еліміздің әртүрлі қаласында рейстер кешігіп жатыр. Атап айтқанда, қалың қар салдарынан Алматы әуежайына Қазақстанның басқа қалаларынан (Астана, Шымкент, Павлодар, т. б.) және басқа мемлекеттерден (Бангкок, Стамбул, Коломбо және басқалар) қатынайтын ұшақтар кідіруде. Желтоқсанның 15-інде Алматыда қар молынан түскен. Өткен түнде қала әкімдігі барлық коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылғанын, ал көшелерге жүздеген қызметкер мен техника шығарылғанын хабарлады. «Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан ұшатын рейстердің қалың қар жаууына байланысты кешіктірілетінін хабарлайды. Қар ұшақтарды мұзға қарсы өңдеу жұмыстарына кедергі келтіреді. Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтынан тексеріп алуларыңызды сұраймыз», — деп ескертті компания.  Журналист Жадыра Аққайыр кеше түнде Астанадан…

Read More

«Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жаңа туристік электр пойызы іске қосылды. Электр пойыз артықшылығы жолаушылар Астанадан Бурабайға аралық аялдамасыз 2 сағат 26 минутта жете алады. Ұлттық тасымалдаушының хабарлауынша, электр пойыз сейсенбі мен сәрсенбіден басқа күндері күн сайын қатынайды. Пойыз отандық өндірісте жасалған 6 заманауи вагоннан тұрады. 574 жолаушыға арналған,  орындықтар «Комфорт Плюс» еуропалық стандартына сай. Билет құны «Нұрлы Жол» станциясынан – 2770 теңге, «Астана» станциясынан – 2548 теңге деп көрсетілген. «Жолаушылардың жайлылығы үшін пойызда микроклимат жүйесі, жылдам қуаттау үшін USB-розеткалар, ойын-сауық контентіне қолжетімді Wi-Fi желісі және велосипедтерге арналған бекіткіштер орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы көтергіштер мен арбаға арналған орындар қарастырылған.…

Read More

2024 жылғы 11 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы «КМГ ПетроХим» ЖШС мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) арасында құрғақ газды сатып алу-сату туралы жаңартылған келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт аясында ТШО Атырау облысындағы газ өңдеу зауытына жылына 9 млрд текше метрге дейін құрғақ газ жеткізіледі. Бұл шикізаттан алынатын этан жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауытта пайдаланылады. Газды бөлу кешені ТШО-ның құрғақ газынан кемінде 98% этан алуға мүмкіндік береді, ал алынған этан болашақ полиэтилен өндірісінің негізгі шикізатына айналады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін келісімшарт шарттарын жаңартуға қадамдар жасалғанын айтты. «Бұрын қол…

Read More

Қазақстанның автокөлік нарығында он бір ай ішінде Hyundai, Chevrolet пен Kia брендтерінің сатылымы артты. Ең танымал модельдер арасында Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Haval M6 ерекше орын алды.  Қазақстанның Автокөлік Одағының (ҚАО) мәліметінше, 2024 жылы күздің соңғы айында, яғни қарашада 20 984 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника сатылған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға жоғары.  Дилерлер 2024 жылдың 11 айында 179 628 жаңа көліктің кілтін иелеріне табыстаған.  ҚАО Президенті Анар Мақашева жыл соңы жаңа көлік алу үшін тиімді кезең екенін айтады. Себебі соңғы екі ай қатарынан нарықта 20 мыңнан астам машина сатылған.  Қараша айында ең көп сатылған автокөлік…

Read More

2024 жылдың қараша айындағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,3%-ға өсті. Эксперт Анель Давлетғалиеваның айтуынша, былтыр 31 727 мәміле тіркелсе, 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында мәмілелер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға артты. Соңғы бес жылда бұл сегменттегі мәмілелер саны өзгермеген. Ең төменгі деңгей 2020 жылы пандемия кезінде тіркелген. 2021 жылы зейнетақы жинағының «артық» бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану бағдарламасының енгізілуімен мәмілелер саны екі есе артып, жылына 1,1 миллионға жетті. Сол жылы зейнетақы жинақтарынан 2,6 трлн теңге алынып, оның бір бөлігі жалған мәмілелер арқылы «қолма-қол» ақшаға айналдырылды. Қазіргі уақытта бұл бағдарлама бойынша Бірыңғай жинақтаушы…

Read More

ҚР Статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың үшінші тоқсанында Астанада байлар мен кедейлердің табыстары арасындағы алшақтық рекордтық деңгейге жетті. Қаланың ең ауқатты 10% тұрғындарының орташа айлық табысы 64,3 млрд теңге болса, ең аз табыс табатын 10%-ы небәрі 8,7 млрд теңге алды. Осылайша, байлар мен кедейлер арасындағы табыс айырмашылығы 7,4 есе болды. Бір тоқсан бұрын бұл көрсеткіш 5,7 есе болған еді. Ел бойынша табыс айырмашылығы ең көп байқалған өңір – Астана. Екінші орында Алматы тұр, онда бұл көрсеткіш 6,5 есе. Қазақстандағы орташа көрсеткіш – 6,3 есе. Ең аз табыс алшақтығы Шымкентте (3,2 есе) және Маңғыстау облысында (2,5 есе) тіркелді. Табыс теңсіздігін көрсететін…

Read More

Әлеуметтік желілерде «1980 жылдан кейін туғандар мемлекет тарапынан зейнетақы алмайды» деген ақпарат тарады. Бір қызығы, бұл ақпарат 2018 жылдан бастап әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, медиаларда бірнеше мәрте жарияланып келеді. 2024 жылы да халықты алаңдатқан қауесетті Sarapshy.info редакциясы тексеріп көрді. Бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды Енді ақпараттың жыл сайын бірнеше мәрте тарауына не себеп болғанын түсініп көрейік. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіне енген өзгеріс нәтижесінде халық арасында түсініспеушілік орын алып, ақпарат бұрмаланды. Бұл ақпарат ынтымақты зейнетақыға қатысты тарады. БЖЗҚ мәліметінше, аталған зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендерге беріледі. 1980 жылы туғандар бұл кезде 18…

Read More

Биыл Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚҚДБ) 84,9 млрд йен (шамамен 570 млн доллар) көлемінде қарыз алды. Бұл туралы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің ратификациялық заң жобасын талқылауы барысында мәлімдеген еді. Қарыз туралы келісім 2024 жылдың 11 қазанында Астанада жасалған. Бұл қаржы ел экономикасының тұрақтылығын қолдауға бағытталады. Қарыздың өтеу мерзімі – 11 жыл. Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева бұл келісім ел экономикасын дамытуға және қолдауға септігін тигізетінін айтты. Осы тұста Sarapshy.info тілшісі эксперттармен сөйлескен еді. Қазақстанның сыртқы қарызына халықтың алаңдайтыны рас. Сарапшылардың бірі – Айбар Олжай Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарынан алған қарыздары да сыртқы қарызға жататынын растады. Елдердің екі…

Read More

Бұдан былай «Qazpost» сервисі арқылы Қазақстан азаматтары шетел маркетплейстерінен тауар тапсырыс беріп, қажет болған жағдайда кеден құжаттарын ресімдей алады. «Qazpost» сервисі тұтынушыларға Amazon, AliExpress және басқа да жетекші әлемдік платформаларда халықаралық сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Оның ішіне екі бағыт кіреді: Keruen дропшиппинг – АҚШ, Еуропа және Қытайдан жеткізу және Keden – кедендік декларация. Қазір қосымшада азаматтар үшін онлайн режимде пайдалануға болатын түрлі қызметтер бар. Keruen – шетелдегі дүкендерден жеткізу Бұл бөлімде: Жеткізу құны мен мерзімі көрсетіледі; Үлкен көлемді пакеттерді жеткізу қызметі ұсынылады; Құнды есептеу калькуляторы бар; Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ұсынылған. Пайдаланушы күтілетін сәлемдемесін бақылау үшін «Күтілетін сәлемдемені…

Read More