Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қарағанды облысында қой-ешкі арасында аса қауіпті ауру тарады
Наргиза Ерес жаңалық 06/03/2025

Қарағанды облысында қой-ешкі арасында аса қауіпті ауру тарады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында қой-ешкі арасында жұқпалы ауру тарады. Бұл туралы Kaztag хабарлады.

Редакция мәліметінше, Мартбек Мамраев атындағы ауылдық округте орналасқан «Айса» шаруа қожалығында ұсақ малда инфекциялық энтеротоксемия анықталған. Осыған байланысты мал айдауға шектеу қойылды.

Инфекциялық энтеротоксемия — ауыл шаруашылығы жануарларында кездесетін жедел және аса қауіпті токсикоинфекциялық ауру. Бұл дерт өте жоғары өлім-жітім көрсеткішімен сипатталады. Аурудың өткір және өте ауыр түрде өтуіне байланысты оны емдеу қиын.

Өткен жылдың қыркүйегінде осы ауылдық округте мал қырылып, эмфизематозды карбункул ауруына байланысты карантин жарияланған болатын.

Биыл жыл басынан бері еліміздің бірнеше өңірінде мал ауруы тіркеліп жатыр. Атап айтқанда, Атырау қаласы маңындағы «Қайыршақты» ауылдық округіндегі «Абдулла» шаруа қожалығындағы 15 ірі қарадан қотыр ауруы анықталған.

Қостанай облысы Әулекөл ауданының Новоселов ауылында «ИНСПЭК» ЖШС-на қарасты шаруашылық өсіріп отырған ірі қара мал сарып ауруына шалдыққан.

Қостанай облысы Әулекөл ауданының Новоселов ауылында «ИНСПЭК» ЖШС-на қарасты ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруашылықта бруцеллез анықталды.

Ақпан айында Қостанай облысының Қарабалық ауданында бруцеллез таралып, бірнеше ондаған мал ауру жұқтырды. Сол себепті 20 күндік карантин енгізілді.

Наурыз айының басында Ақтөбе облысында эмфизематозды карбункул ауруы анықталып, аймақта карантин енгізілді.

 

Сурет: Pixabay

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
бруцеллез инфекциялық энтеротоксемия а Қарағанды облысы қотыр ауруы мал ауруы эмфизематозды карбункул
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025
жаңалық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

30/06/2025
жаңалық

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

30/06/2025

Жаңа мақалалар

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

жаңалық 30/06/2025

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.