26 ақпанда Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында газ баллоны жарылып, 7 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Жеті адамның бесеуі оқиға орнында көз жұмған, ал екеуі ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Марқұмдардың арасында 16 жастағы қыз бар.
Жарылыс салдарынан 26 адам түрлі дене жарақатын алған.
Жарылыс 26 ақпанның кешінде болған. Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шықты.
Айта кетейік, 19 қаңтарда Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, бес адам жарақат алды.
фото: freepik.com

