2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 629 кәсіпорын өз жұмысшыларына 3,1 млрд теңге жалақы қарыз екені анықталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Еңбек инспекторлары жүргізген тексеріс нәтижесінде республиканың 629 кәсіпорнында 11,9 мыңнан астам жұмысшыға жалақы төленбегені белгілі болды.
Сонымен қатар түрлі ұйымдарда жүргізілген бақылау іс-шаралары барысында еңбек заңнамасының бұзылуына қатысты 8,7 мыңнан астам факті тіркелген.
Айта кетейік, 2025 жылдың қарашасында кәсіпорындар 9,8 мыңнан астам қызметкеріне 2 млрд теңгеден астам жалақы берешек еді.
Өткен жылдың желтоқсанында БҚО-дағы аграрлық-техникалық университетінің әскери кафедра оқытушылары осы күнге дейін аз жалақы алып келгені анықталды. Тексерістен кейін олардың айлықтары 150-200 мың теңгеге дейін көтерілді.
фото: freepik.com

