Қазақстанда онлайн-казиноларды қаржыландыруға арналған 50-ден астам банк шоты бұғатталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Биыл заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері өткен жылмен салыстырғанда 45%-дан 32%-ға дейін азайған. Қазір тыйым салынған интернет-ресурстарды бұғаттау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың ақпанында Маңғыстау облысында заңсыз құмар ойындар ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. 2 жылда ойын ұйымдастырушылары 77 млн теңге табыс тапқан.
Бас прокуратура өткізген Кеңеске Ұлттық банк, Туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар Қылмыстық кодекстің 307-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
фото: freepik.com

