Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жыл басынан бері теңге бағамы 5,8%-ға әлсіреді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 15/10/2024

Жыл басынан бері теңге бағамы 5,8%-ға әлсіреді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамын қолдау үшін ішкі нарыққа доллар сату қалай ұйымдастырылып жатқанын айтты.

«Қыркүйекте теңгенің айырбастау бағамы 1 доллар үшін 481,11 теңгеге дейін, яғни 0,1%-ке аздап нығайды. Алайда жылдың басынан бері 5,8%-ке әлсіреді», — деді Ұлттық банк басшысы.

Оның сөзінше, трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте Ұлттық қордан республикалық бюджетке 945 млн доллар валюта сату теңгеге қолдау көрсетті.

«Сондай-ақ, Ұлттық банктің «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алуының валюта нарығына ықтимал теріс әсерін теңестіру аясында 241,5 млн АҚШ долларын саттық», — дейді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау үшін млн доллар сатып алынғанын айтады.

«Зейнетақы активтерінің валюталық үлесі мақсатты 40% деңгейіне жетуіне байланысты шетел валютасын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Теңгенің бұдан кейінгі динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы жағдайға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздікті болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстанады», — деді ол.

Айтып өтелік, Ұлттық банктің ресми сайтында көрсетілгендей, 15 қазанда доллар 484,11 теңгеге тең болып тұр. Соңғы аптада көрсеткіш 490 теңгеге дейін жетті.

Осыған дейін доллар бағамы 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғарғы деңгейге дейін жеткенін жазған едік. Соңғы айларда доллар 480 теңге, яғни шартты түрдегі межесінен жиі асатын болған.

Naryk.kz мәліметінше, сарапшылар жыл соңына дейін доллар 464 теңгеге дейін түсетінін айтады.

Ұлттық Банктің бұйрығымен жүргізілген кезекті сарапшылар сауалнамасының нәтижесінде, тамыз айындағы зерттеумен салыстырғанда ұлттық валюта 2024 жылдың соңына қарай 464 теңге/$1 (бұрын 461,2 теңге болған) нығаяды деп болжанып отыр.

Сурет: pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Астана Әлем Доллар бағамы Қазақ елі Тимур Сүлейменов Үкімет үйі Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.