Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жемқорлар тізімі, заңсыз сыйақы: жаңа заң жобасы бойынша жаза қатаңдайды
Наргиза Ерес sarapshy.info 15/01/2025

Жемқорлар тізімі, заңсыз сыйақы: жаңа заң жобасы бойынша жаза қатаңдайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Енді пара беруге уәде берудің өзі қылмыстық жауапкершілікке жатады. Алдағы уақытта бұл ұсыныс заңмен бекітілмек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Мәжілістің жалпы отырысында жаңа заң жобасы туралы сөз қозғады.

Сарқұлов қылмыстық кодекске пара ұсынуды, оны беруге уәде етуді криминализациялау жоспары 16 жылдан бері күн тәртібінде тұрғанын айтты.

«Пара алу туралы келісімді аяқталған қылмыс деп тану айқын профилактикалық әсерге ие болады. Бұл мемлекетке зиян келтірмес бұрын парақорлықты тоқтатуға мүмкіндік береді. Енді Қылмыстық кодекстің 366-бабы «Пара талап ету немесе алу», 367-бабы «Пара ұсыну, уәде ету немесе беру» деген атауларға ие болады», – деді ол.

Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялаған, онда осындай заңнамалық шараларды қабылдау қажеттігі көрсетілген. Бұған қоса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) сарапшылары да бұл мәселені бірнеше рет көтерген.

Жемқорлар тізімі жарияланады

Сондай-ақ жемқорлықпен күрес агенттігі «жемқорлардың қоғамдық реестрін» жасауды жоспарлап отыр. Жоба авторларының сөзінше, бұл  — профилактикалық құрал.

«Сыбайлас жемқорлардың жария тізімін енгізу. Бұл – профилактикалық құрал. Тізімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандарды енгізу көзделген. Мәліметтер тек заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде қосылады. Ал заңды күшіне енген ақтау үкімі және соттылықтың өтелуі тізімнен шығаруға негіз болады. Тізім агенттіктің сайтында орналастырылады», –  деді Сарқұлов.

«Мүдделер қақтығысы» атты жаңа тарау енгізіледі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға енді «Мүдделер қақтығысы» туралы жаңа тарау енгізіледі. Тарауда мемлекеттік қызметшілер мен олардың басшылары арасында мүдделер қақтығысы туындаған жағдайдағы жауапкершілігі көрсетілмек.

Мемлекеттік қызмет пен жауапты лауазымдардағы адамдар үшін мүдделер қақтығысын болдырмау және оны шешу үшін жасалған заңнамада егер мүдделер қақтығысы кезінде қандай да бір құжат (мысалы, бұйрық, келісімшарт, шарт) қабылданса, ол заңсыз деп саналады.

Заңнамаға тағы бір өзгеріс енгізілді. Сөзінше, алдағы уақытта мемлекеттік қызметке немесе жауапты жұмысқа үміткер азаматтар өздерінің жеке мүдделері туралы декларация толтыруы керек. Бұл олардың қызметтік мансабында мүдделер қақтығысы туындамауының алдын алады.

Заңсыз сыйақы беру де қылмыс

Заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік 247-бапта қарастырылған. Бұл өзгерістер сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа 247-1-бап бойынша, тек пара алғандар ғана емес, заңсыз сыйақы бергендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде пара алу фактілерін анықтау үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу қарастырылып отыр. Осы мақсатта «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізілетін болады. Заңсыз сыйақы алу мен беру фактілері бойынша Ішкі істер министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тең дәрежеде тергеу жүргізуге құқылы. 

Сондай-ақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін полиция қызметкерлері жазаланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі билік пен басшылықтағы жемқорлық әрекеттеріне талапты қатаңдатудан бөлек, экология саласындағы жемқорлықты жою бойынша да шаралар жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Заң жобасы аясында үш кодекс пен бес заңға түзетулер, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулер енгізіледі. Жобаның басым бөлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған.

 

Сурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Мүдделер қақтығысы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң Жемқорлар тізімі Заңсыз сыйақы қылмыстық жауапкершілік
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.