Биыл Бөкей ордасының құрылғанына 225 жыл, Хан ордасы салынғанына — 200, Жәңгір мектебінің ашылғанына 185 жыл. Соған орай Бөкей ордасының тарихы жайлы сала мамандарымен әңгіме өрбіттік. Олар Бөкей ордасы тарихымен айналысатын арнайы зерттеу орталығын құру керек дейді. Себебі әлі толық зерттелмеген том-том құжаттардың жылдан жылға сиясы ұшып барады, нақты айналысып жүрген ғалымдар аз, үлгермей жатыр.
Студия қонақтары — өлкетанушы, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының» директоры Айболат Құрымбаев, өлкетанушы, тарих магистры Ерсұлтан Мұрат, шығыстанушы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, аудармашы Орынбасар Ахметқали.
Автор
-
Барлығын қарауНұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.
