Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Трамп халықаралық қылмыстық сотқа санкция салатынын мәлімдеді
Наргиза Ерес sarapshy.info 07/02/2025

Трамп халықаралық қылмыстық сотқа санкция салатынын мәлімдеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Израильді қудалағаны үшін халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) қарсы санкциялар туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Бұл шешім ХҚС-тың АҚШ пен оның одақтасы Израильге қатысты «заңсыз және негізсіз әрекеттеріне» жауап ретінде қабылданды. Атап айтқанда, ХҚС Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантқа қарсы Газа секторындағы әскери әрекеттері үшін қамауға алу ордерлерін шығарған болатын.

Трамптың өкіміне сәйкес, ХҚС қызметкерлері мен олардың отбасыларына қаржылық және визалық шектеулер енгізіледі. Бұл шектеулер АҚШ азаматтары мен оның одақтастарына қатысты тергеулерге қатысқан тұлғаларға қолданылады. Өкімде ХҚС-тың бұл әрекеттері АҚШ-тың егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп көрсетілген.

Бұл шешім халықаралық құқық қорғау ұйымдарының сынына ұшырады. Amnesty International ұйымының бас хатшысы Агнес Калламард бұл өкімді «Өшпенділікке толы» және «Халықаралық әділеттілікті бұзуға бағытталған қадам» деп атады.

Трамптың бұл әрекеті АҚШ-тың ХҚС-пен қарым-қатынасындың шиеленісін одан әрі күшейтті. Бұған дейін, 2020 жылы, Трамп әкімшілігі Ауғанстандағы соғыс қылмыстарын тергеуге байланысты ХҚС-тың сол кездегі бас прокуроры Фату Бенсудаға қарсы санкциялар енгізген болатын

ХҚС міндеті қандай?

Халықаралық қылмыстық сот (International Criminal Court, ICC) – ең ауыр халықаралық қылмыстарды, атап айтқанда геноцид, әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар және агрессия қылмыстарын тергеу және сотта қарау үшін құрылған тұрақты халықаралық сот.

ХҚС – 1998 жылы қабылданған Рим статутының негізінде 2002 жылы ресми түрде құрылды. Штаб-пәтері – Гаага, Нидерланд. 120-дан астам мемлекет ХҚС-ты мойындап, Рим статутына қосылды. Алайда, АҚШ, Ресей, Қытай, Израиль және кейбір басқа елдер ХҚС-тың юрисдикциясын мойындамайды.

Халықаралық қылмыстық соттың мәртебесін мойындауға қатысты шектеулер:

Қос стандарттар. ХҚС көбінесе Африка елдерінің басшыларын жауапқа тартып, Батыс елдерінің әскери әрекеттеріне қатысты аз тергеу жүргізеді деп сынға ұшырайды.

Кейбір елдердің мойындамауы. АҚШ, Ресей, Қытай және Израиль сияқты ірі державалар ХҚС-ты мойындамайды және оның құзіретін шектейді.

Құқықтық шектеулер. Сот тек оған мүше елдердегі қылмыстарды немесе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жіберген істерді қарай алады.

Сурет: Ашық дереккөз

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Гаага Дональд Трамп Израиль Нидерланд Ресей Санкция Халықаралық қылмыстық сот Халықаралық қылмыстық сотқа ХҚС
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.