Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Түркістан облысында Мақтарал ауданы білім беру бөлімі мамандары 2,4 млрд теңгені жымқырған
Наргиза Ерес sarapshy.info 06/01/2025

Түркістан облысында Мақтарал ауданы білім беру бөлімі мамандары 2,4 млрд теңгені жымқырған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданының білім беру бөліміне қатысты 43 лауазымды тұлға мен жауапты қызметкерлерге бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғады. Жымқырған қаржының жалпы көлемі 2,4 млрд теңгеден асады.

Қылмыстық іс білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін адамдардың шоттарына жалақы аудару арқылы жүзеге асқан.

Қазіргі жағдай бойынша, күдіктілер мемлекетке 333,5 млн теңге көлемінде шығынды қайтарды. Сондай-ақ заңсыз жолмен алынған жалпы құны 649,7 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Өзге өңірлердегі жемқорлық деректері

Білім беру саласындағы жемқорлық әрекеті жиі кездеседі.

Мәселен, Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 3,7 млрд теңге ұрлаған. 12 қатысушыдан тұратын ұйымдасқан топ, оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бухгалтерлері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен2020-2023 жылдар кезеңінде бюджет қаражатын жымқырған.

Жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді және мүлікке тыйым салынды.

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24-мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімінің есепшісі мұғалімдерге  жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып заңсыз төлеу арқылы, сондай-ақ бұл ұйымда мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға 34 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Түркістан облысы Келес ауданының білім бөлімі бухгалтерлерінің 2021-2023 жылдар аралығында жалған мәліметтер енгізу арқылы 400 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен ЖСН-дері күдіктілермен байланысты азаматтардың мәліметтеріне ауыстырылғаны белгілі болды.

Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі басшысынаа 680 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ол мектептерде жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударып, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған. Сондай-ақ, өзінің жүргізушісін жалған қызметке орналастырып, оған 4.9 млн теңге заңсыз жалақы төлеген.

Антикор: Білім беру саласы бойынша 302 қылмыстық іс тіркелді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2024 жылдағы соңғы мәліметінше, білім беру саласында 2023 жылдан бастап 302 қылмыстық іс тіркелген. Қылмыстық істердің келтірген залалы 17 млрд теңгеден асқан.

«Қазірдің өзінде 230 адам сотталды, 100-ден астам іс сотта қаралуда» — деп хабарлады агенттік.

Оған қоса, 2023-2024 жылдары бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі бойынша 24 балабақша меңгерушісі анықталып, олардың келтірген залал сомасы 171,4 млн теңге болды.

 

Сурет: Pixabay.com

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Білім беру саласы білім бөлім басшылары Бюджет қаражатын жымқыру есепші Қаражат жымқырды қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.