Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Суицидке итермелейтін Telegram-арна бұғатталды – Прокуратура
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 03/10/2024

Суицидке итермелейтін Telegram-арна бұғатталды – Прокуратура

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы прокуратурасы оқырмандарына өз-өзіне қол салуға тапсырма берген Telegram-арнаның бұғатталғаны жөнінде хабарлады. 

«Тексеру барысында әкімшіліктен 67 оқырман суицидке бағытталған рөлдік команда алғаны анықталып отыр. 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды», — деп хабарлады Прокуратурадан.

Алматы прокуратурасы интернетті қолданудың жауаптылығын ата-аналардың есіне салып, күдікті контентті байқағанда құқық қорғау органдарына хабар беру керектігін айтты.

15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды

Осыған дейін Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде балалардың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі көбейгеніне қатысты пікір білдірген еді.

«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», — деп жазды «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында ол.

Сонымен қатар қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешені әзірленетінін айтты.

Суицид жасағандардың көбі – 30 жастан асқандар

Ресми мәліметтерде қазіргі уақытта Қазақстанда суицид жасайтындар саны әлдеқайда азайғаны айтылады. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің дерегі бойынша, биыл қаңтар-шілде аралығында 2,1 мың адам суицид жасаған, бұл былтырмен салыстырғанда 7,2 пайызға аз. Суицид жасағандардың көбі – 30 жастан асқандар болып отыр.

Елде жыл сайын 3,5-4 мың адам суицид жасайды. Бұл бір күнде кемінде 9-10 адам суицид жайлы ойлайды деген сөз. 

Қоғамда тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдер мен жасөспірімдер арасында өзіне қол жұмсайтындар көбейген. Ер адамдар арасында да өзіне қол жұмсайтындар бар. Биыл қаңтар-шілде аралығында тіркелген суицидтің 74,9 пайызын ер адамдар жасаған екен.

Жыл сайын әлемде суицид салдарынан шамамен 800 мың адам өмірден өтеді. Бұл дүниежүзінде әр 40 секунд сайын бір адам өз-өзі­­не қол салады дегенді біл­­діреді.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Telegram-арна бұғатталды Алматы прокуратурасы Бас прокурор Берік Асылов Суицид
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.