Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Шығын – 1 млрд теңгеден астам: Ұлытауда заңсыз марганецтің өндіріліп жатқаны ғарышта түсірілген суреттен анықталды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 27/09/2024

Шығын – 1 млрд теңгеден астам: Ұлытауда заңсыз марганецтің өндіріліп жатқаны ғарышта түсірілген суреттен анықталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлытау облысындағы «Восточный» карьерінде марганец рудасы заңсыз өндірілген. Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау өңірінде марганец рудасын рұқсатсыз өндіруге және кейін оны заңдастыруға қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберді.

Үстінен іс қозғалған азамат 2020-2023 жылдар аралығында рұқсат құжаттарынсыз марганец рудасын заңсыз өндірген.

Қылмыс «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін тергеп-тексеру барысында карьер орналасқан жер учаскесін пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардан берілмегені, сондай-ақ аталған азаматтың тиісті тіркеуі жоқ екені белгілі болды.

Кейіннен күдікті жалған шот-фактураларды жазып, заңсыз өндірілген марганец рудасын заңдастырып, республика бойынша және шет мемлекеттерге өткізген.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келді.

Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тоннаны құрап, жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады.

Күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді.

Айтып өтелік, марганец рудалары өнеркәсіптің әртүрлі салаларында – металлургияда, химияда, керамикада, шыныда, ал оның қосылыстары – фармацевтика өнеркәсібінде қолданылады.

Марганец өндірісі

Қазақстанның марганец ресурстары орталық аймақтарда өндіріледі. Ең үлкені – Атасу және Жезді кен орындары. Олар тотықты және карбонатты-силикатты-тотықты кендерден тұрады, құрамындағы марганецтің төмен мөлшерімен (18–25 %) сипатталады.

Қазақстанның марганец кені базасының әлемдік деңгеймен салыстырғанда ерекшелігі кендердегі марганецтің неғұрлым төмен құрамы саналады, бұл құрамында кемінде 45-50% марганец бар әлемдік деңгейдегі концентраттарды алу мақсатында байыту технологиясын жетілдіру қажеттігін туғызады.

Жыл сайын әлемде шамамен 18,5 миллион тонна марганец өндіріледі. Калахари шөлінде әлемдегі марганец қорының 70%-дан астамы бар. Оңтүстік Африка, Австралия және Қытай – әлемдегі ең ірі марганец өндірушілер. Осы үш елдің жалпы өнімі 65%-дан асады. Соңғы жылдары марганецке әлемдік сұраныс тұрақты түрде артып келеді.

Аталған металл әлемдік құрылыс индустриясының маңызды құрамдас бөлігі болатын болат өндірісінде қолданылады. Дүниежүзінде марганецке деген сұраныстың артуы электр тогымен зарядталатын, батареялармен жұмыс істейтін электромобильдердің пайда болуымен де байланысты. Металл осы батареяларды өндіруде де қолданылады.

Сурет: kazchrome.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ 2024 Қаржылық мониторинг агенттігі Марганец өндірісі Марганец рудасы Ұлытау облысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.