Ақмола облысының Щучинск қаласындағы кадет корпусында оқитын 71 курсант вирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
24 жасөспірімдерде қызылша диагнозы анықталды. Екі курсант облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде, қалғандары жұқпалы аурулар орталығында ем алып жатыр.
Басқарма басшысы Нариман Ермековтің айтуынша, кей курсанттар тұмау жұқтырған.
Қазіргі кезде кадет корпусы аумағында карантин енгізілген.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

