Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Үш жылда Қазақстанда тұтыну несиесі көбейді
Наргиза Ерес sarapshy.info 18/11/2024

Үш жылда Қазақстанда тұтыну несиесі көбейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Кейінгі үш жылда Қазақстанда тұтыну несиесі көбейді.  Банктерде орташа жылдық өсім – 33%, микроқаржы секторында — 45%-ға жетті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің дерегі бойынша биылғы 9 айда тұтыну несиесі (24,7%) 12,9 трлн теңгеге дейін, ал микроқаржы (5,8%) 1,3 трлн теңгеге дейін өсті.

Мемлекет азаматтардың шамадан тыс кредит алуына жол бермеу, тұтынушылардың құқығын қорғау масқатында 2024 жылы заңнамалық шаралар қабылдады.

Біріншіден, қарыз алушылардың кредит төлеу қабілетін бағалау үшін борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібі қатаңдатылды.

Екіншіден, несие беру нарығын реттеуге және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған жаңа заң қабылданды.

2024 жылдың 19 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Бұл құжатта бірнеше тетік қарастырылған:

  1. Проблемалық қарыздары бар азаматтардың борыш жүктемесін азайту мақсатында банктер мен МҚҰ үшін кредиттер бойынша 90 күннен аса мерзімі өткен азаматтарға кредиттер беруге тыйым салынды, сондай-ақ барлық қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық кредиттер бойынша 90 күннен аса мерзімі өткеннен кейін сыйақы есептеуге тыйым енгізілді.
  2. Проблемалық кредиттерді реттеу және банктер мен МҚҰ- коллекторларға азаматтардың қарыздарын беруге екі жылдық мораторий (2026 жылғы 1 мамырға дейін) енгізілді. Коллекторлардың жеке тұлғалардың сатып алынған кредиттері бойынша берешекті реттеу рәсімдерін жүргізуге тиіс.
  3. Заңнамалық тұрғыдан тұтынушылық кредит ұғымы енгізілді. Банктер 2 200 АЕК (8 122 400 теңге), МҚҰ 1 100 АЕК-ден (4 061 200 теңге) артық қарыз бермейді.
  4. Агенттік пен Ұлттық банктің бірлескен нормативтік актісімен банктердің кепілсіз тұтынушылық қарыздары және МҚҰ-ның микрокредиттері бойынша ЖТСМ шекті мөлшері 56%-дан 46%-ға дейін, банктердің кепілді қарыздары бойынша 40%-дан 35%-ға дейін төмендеді, ипотекалық қарыздар бойынша 25% деңгейінде сақталды.
  5. 45 күнге дейінгі мерзімге 45 АЕК-ке дейінгі сомаға микрокредиттер (166 140 теңге) бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшері тәулігіне 0,3%-дан кем, бірақ 179%-дан аспайтын деңгейде белгіленді.
  6. Барлық кредит бойынша жиынтық берешекті шектеу үшін жаңа макропруденциялық норматив – қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті енгізілді, ол кредиттер бойынша жиынтық берешектің қарыз алушының кірісіне қатынасы ретінде есептеледі.
  7. Азаматтар 3 692 000 теңгеден артық несие алса, жұбайының келісімін алуға міндетті. Жеке кәсіпкер үшін қызмет мерзіміне және кәсіпкерлік қызметтен түсетін айналым сомасына қарай несие мөлшері 2 710 АЕК-тен 27 000 АЕК-ке дейін аралығында белгіленді.

Сурет: freepik

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
жылдық өсім кредит микроқаржы несие беру Тұтыну несиесі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.