Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Сегізінші пакет пен рубльдің болашағы. Солтүстіктегі проблемалар және біз
Нұрлыбек Рахманов Біздің сараптама 07/10/2022

Сегізінші пакет пен рубльдің болашағы. Солтүстіктегі проблемалар және біз

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еуропалық Одақ Ресейге қатысты санкциялардың сегізінші пакетін жариялады. Осы пакет өзін әрең ұстап тұрған Ресей экономикасына нокаут соққысы болуы мүмкін. Біршама факторлардың жиынтығы қордалана бастады. Және ол бір күні, тіпті осы жаңа жылға дейін міндетті түрде жарылады.
Осы санкция пакетінің екі ауыр бабы бар. Бірінші бағыт. Ресей мұнайының бағасы лимиттелді. Бұл эмбаргоның (мүлде жауып тастау) жұмсақ түрі. Кедей, үшінші әлем елдері сорлап қалмасын деп, толық эмбарго негізілмеді. Споттық нарықтарда Юралс бағасы барреліне 40-60 доллардан аспауы тиіс және теңізбен үшінші елдерге тасымалданғанда осы шарт қадағаланатын болады. Оның алдында Ресей президенті Путин мұнай лимиттелсе, ешкімге ештеңе сатпайтынын мәлімдеген болатын. Ешкімге ештеңе сатпау — Ресейді валюталық түсімнен айырады.
Екінші бағыт. Ресей азаматтарына Еуроодақ криптоәмияндар ашуға, ұстауға тиым салып отыр. Ресейліктер шетелге ақша аударудың, алудың, табыс табудың соңғы көзінен айрылмақ. Бұған дейін USDT олардың соңғы үміті болып келген еді. Енді 6 сағаттың ішінде олар Еуроодақ елдерінде ашылған криптоәмияндарын жауып, одан ақшаларын шығарып алуы тиіс. Оның өзі оңай болмайды.
Еуроодақ сегізінші пакеттен Ресей экономикасы жылына 7 миллиард евро жоғалтады деген пікірде.
Сегізінші пакет келмей тұрып, тағы бір құбылысқа назар аударған болатынбыз. Ресейде де ұлттық әл-ауқат қоры бар. Ол қор осы қыркүйекте 777 миллиард рубль жоғалтқан. Қазір оның көлемі 10,79 триллион рубль немесе 187,9 миллиард доллар. Бұдан алып болып көрінетін Ресейдің бар қоржыны біздің Ұлттық қордан небары 3 есеге артық екенін көруге болады және оның өзі ай сайын қысқаруда.
Оған қоса, Ресейдің келесі жылғы бюджеті дефицитті болмақ. Ресей соңғы 10 жылда бюджет профицитіне (табыс шығыннан артық) қол жеткізіп жүрген еді. Енді дефицит алдағы 2025 жылға дейін созылады деп болжанады және оны жабу үшін Ресей тек ішкі нарықтан қарыз алмақ. Сырттан оған ешкім қарыз бермейді.
Ресей проблемаларының алғашқы сигналын бүгін Беларусь басшысы Лукашенконың аузынан естідік. Ол елде бағаларды өсіруге тиым салды. Бірақ нарық заңы Лукашенконы тыңдамайтыны анық. Және бәрін керісінше істейтін болады, ал нарықтарда ажиотаж жүрмек. Беларус елінде инфляция 17 пайыздан асып барады. Ал Ресейде соңғы 4-5 айда байқалған дефляция аяқталып, қайтадан инфляция басталды.
Бұл жағдайда Ресейге рубль бағамын құлдырату тығырықтан шығудың бір амалы болуы мүмкін. Экономикалық белсенділіктің төмендеуіне мобилизация әсер ететін болады. Көптеген компания қызметкерлері соғысқа шақырту алды, шамамен 500 мыңнан астам жұмысқа жарамды еркек елден қашып кетті және өзімен бірге жиған-терген рубльдерін алып кетті. Соғысқа барғандар сол уақытқа кредит төлемейтін болады, ал өлгендерінің кредиттері банк есебінен кешіріледі. Ресей банктері үшін биылғы жыл ауыр аяқталатын түрі бар.
Бұл Қазақстан үшін Ресеймен импорт/экспорт операцияларының заңды қысқаруына әкеліп соқса, Еуразиялық экономикалық одақ тек қағаз жүзінде жұмыс істемек. Бізге тек жағдайды бақылап отыру ғана бұйырып тұр. Бірақ ақырын күтпей, Ресейдің азық-түлік импортын Қытай, Үндістан мен Өзбекстан бағыттарына қарай бұра беру жөн болатын сияқты.
Айбар Олжаев,
сарапшы

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026
Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.