Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен тергеуге алынды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды sarapshy.info агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

mail.kz

Ол 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін «Н»-ның сыбайластығы арқылы ЖШС директоры «Ш»-дан пандемия кезеңінде арнайы тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсеткен. Сондай-ақ Орал қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд теңгенің екі 9 қабатты тұрғын үйінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін бұрын келісілген аса ірі мөлшердегі 170,0 млн. теңгенің 134,0 млн теңгесін пара ретінде алған. «Орал қаласы бойынша құрылыс бөлімі» ММ басшысы және азамат «Н» ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласының УҰИ-на қамауға алынды» делінген жемқорлықпен күрес қызметінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттта.

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған