Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Атыраудағы атыста қаза тапқан жігіттердің барлығы да үйленбеген әрі жұмыссыз
Нұрлыбек Рахманов Шолу 17/03/2022

Атыраудағы атыста қаза тапқан жігіттердің барлығы да үйленбеген әрі жұмыссыз

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

15 наурызда шамамен кешкі сағат 22:00-де Атырау қаласында болған атыстан (тапаншадан) үш адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Қайғылы оқиғадан кейін күдікті ұсталып, қамауға алынды. Жанжал неден болған? Бұл жайлы Halyq Uni тілшісі анықтап көрді.  

Бірнеше жігітті қолындағы қаруымен жайратып салған сәт видеоға түсіп қалған. Кадрдан Авангард ықшам ауданындағы соңғы аялдама жанына ZAZ Chance маркалы автокөліктің келіп тоқтағанын анық көруге болады. Көліктен бір ер адам шығып, ақ түсті Renault Duster көлігіне қарай беттейді. Сосын ол тапаншасын алып жанына келіп тоқтаған көлік салонындағы бірнеше адамды атып тастайды.

Оқ тиген екі жігіт оқиға орнында қаза тапқан. Олар — 22 жастағы Атырау қаласының тұрғыны және 26 жастағы қала іргесіндегі Еркінқала ауылының тұрғыны. Біріншісінің арқа тұсына төрт оқ, ал екіншісіне үш оқ тиген.

Жарақат алып, ауруханаға жеткізілген 26 жастағы жігіт те Еркінқала ауылынан. Ол қазір өте ауыл халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Әлі есін жиған жоқ – комада.

Кейінірек жедел-тергеу тобы атыс болған жерге жақын маңдағы мейрамхананың жанынан тағы бір мәйітті тапты. Оның арқасына екі оқ және желкесіне бір оқ тиген. Кейінірек оның үш адамды атып тастаған күдіктіні оқиға орнына жеткізген Chance маркалы автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі екені анықталды. Жүргізуші оқ атқанын көрген соң оқиға орнынан қашып, Құрманғазы көшесінің бойымен «Бунгало» мейрамханасына қарай бет алған. Сонда оқ атқан 28 жастағы күдікті оның ізіне түсіп, оны да атып өлтірген.

Тағы бір дерек: қаза тапқан жігіттер де, ауруханада ауыр халде жатқан азамат та үйленбеген, уақытша жұмыссыз.

Үш адамның өліміне қатысты (тағы бірі ес-түссіз жатыр) қылмысқа күдікті ретінде 29 жастағы Маңғыстау облысының тумасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол былтыр қазан айынан бері Атырауда тұрып жатыр және бүгінге дейін 32 жастағы қызбен бірге тұрып келген. Оны Жылыой ауданы аумағында — «Атырау-Ақтау» тас жолымен Маңғыстауға қашып бара жатқан жерінен ұстаған.

Еске салсақ, Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған азаматтың алғашқы жауабына сүйеніп, жанжал «жеке бас араздығы» бойынша туындаған деп хабарлады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында күдіктімен бірге тұратын 32 жастағы қыз куәгер ретінде жауап берді.

Оның айтуынша, 15 наурыз күні шамамен күндіз сағат 14:00-де өздері тұрып жатқан ықшамаудандағы учаскелік полиция бөлімшесіне өзімен бірге тұрып жатқан жігіті — қазіргі күдіктімен бірге келген. Сол жерде 35 жастағы бұрынғы күйеуін кездестірген. Оның қасында туыстары да болған. Олардың арасында күдіктіні атыс оқиғасы болатын жерге Chance маркалы автокөлігімен әкеліп, кейін өзі де оққа ұшып, мәйіті мейрамхана маңында табылған жігіт те болады. Оның және күдіктінің арасында қыздың бұрынғы күйеуіне қатысты жанжал туындаған. Қыздың бұрынғы күйеуі полицияға әлгі күдіктінің үстінен өзінің 4-сыныпта оқитын ұлын 14 наурыз күні ұрып-соқты деп арыз жазған.

Сол кезде Chance көлігінің жүргізушісі күдіктіге жанжалды «шешу үшін» кешке кездесуді ұсынған. Шамамен кешкі сағат 20:00-де күдікті бірге тұрып жатқан қызға хабарлап, қолында тапанша барын айтқан. Куәгер ретінде жауап берген 32 жастағы қыз сол әңгімеден кейін күдіктімен сөйлеспегенін жеткізді.

View this post on Instagram

A post shared by АТЫРАУ | ҚАЗАҚСТАН | 06 ❄️ (@atyrauoil.official)

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Атырау Атыраудағы атыс
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

28/06/2025
Қаржы

Jusan Bank банкрот болуы мүмкін бе?

28/06/2025
Қаржы

Тұрғын үй құрылыс жинағын басқа банктерден де ашуға болады – ҚНРДА

25/06/2025

Жаңа мақалалар

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

жаңалық 30/06/2025

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.