Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 11 тамыз
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Киік жайлы деректі фильм жарық көрді
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 22/07/2024

Киік жайлы деректі фильм жарық көрді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Киік жайлы барлық мәселені сараптаған «КИІКСТАН» деректі фильм жарық көрді. Фильмнің авторлары бұл фильмді басынан аяғына дейін мұқият қарап шыққан адам ақбөкен жайлы, оның қазіргі мәселелері жайлы толық мәлімет алып, дұрыс түсінік қалыптастыра алатын зерттеу ұсынуды мақсат еткен.

«КИІКСТАН» — киіктердің экологиясы, тарихы және олардың қазіргі кездегі жағдайы туралы деректі фильм. Фильмде киіктердің ерекше түрі ретінде маңыздылығы, олардың Қазақстан мен басқа да елдердегі популяциясы, экологияға, экономикаға және мәдениетке әсері баяндалады. Фильм киіктерді қорғау қажеттілігіне назар аударады және осы бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді.

— Ақбөкенге қатысты жалған ақпарат, біржақты пікір жайылып барады. Киікке қатысы бар әр тарап өзіне ыңғайлы ақпаратты таратып әлек. Бұл мәселеге терең үңілмей, әлеуметтік желі арқылы тараған ақпаратқа сеніп біржақты ой қалыптастырып бара жатқан адам көбейіп бара жатқанын байқадық. Соның салдарынан соңғы уақытта киік тек зиянкес ретінде қабылдана бастағандай. Біз бұл фильмде киікке қатысты шынайы ақпаратты ешқандай манипуляциясыз, лоббисіз жариялап отырмыз. Сондықтан қоғам мен билік фильмді көру арқылы киікке қатысты проблеманың шынайы масштабын бағалай алады. Фильмді бастан-аяқ көрген адам киік проблемасы жайлы толыққанды түсінік қалыптастыратындай көлемді болып шықты. Иә, ұзақ. Деректі фильмнің хронометражы – 2 сағат. Алайда фильмнің әр сөйлемінде мәселеге қатысты маңызды ақпарат қалғанша қысқарттық. Сондықтан мұндағы әр сөйлеушінің, әр тараптың айтары бар. Киік мәселесін толық зерттеп, оны шешу жолдарын қоғам мен билікке ешқандай манипуляциясыз ұсына алдық деп ойлаймыз. Сол себепті киіктен қандай да бір пайда көргісі келетін кейбір топтарға ұнамайтын тұстары көп болуы мүмкін. Шындық қашанда ащы, — дейді деректі фильмнің авторы әрі режиссері, журналист Нұрлыбек Рахманов.

Фильм авторлары мәселені зерттеу, ақпарат жинау кезінде мыңдаған шақырым жол жүріп киік жүрген жердің бәрін аралап, жүздеген адаммен кездескен. Шетелдік және отандық ғалымдармен, сарапшылармен, киікке қатысы бар сала мамандарымен, экологтармен,  кәсіпқой аңшылармен, киікке қатысты сотталғандардың отбасы мүшелерімен, заңгерлермен, киік туғызған проблемалармен бетпе-бет жолыққан тараппен, киікті азайту мен оны қорғауды жақтаушылармен одан өнім алғысы келіп жүрген тараппен сұқбаттасты.

— Фильмде бастан-аяқ эксклюзив кадрлар көрсетіледі. Бұрын ешқашан қоғам алдына шықпаған киікке қатысы бар тұлғалар сөйлеп, ешқашан айтылмаған деректерді жариялайды. Сондықтан деректі фильм ақбөкенге қатысты барлық алып-қашпа әңгімелерге нүкте қояды деп үміттенеміз, — дейді фильмнің екінші режиссері Азамат Хамза.

«КИІКСТАН» деректі фильмінде бұған дейін қоғамда айтылмай, билікке жетпей келген ньюанстарды толық көрсететін ауқымды журналистік зерттеу жасалған. Сондай-ақ көрерменге киіктерді сақтау және қорғау мәселелерінің өзектілігін түсінуге көмектеседі. Он төрт бөлімнен құралған бұл деректі фильм бірнеше жылдан бері киік мәселесінің шешімін іздеп жатқан Үкіметке кешенді анализ десе де болады.

Нұртай Алтайұлы

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Киік киік мәселесі киік экологиясы Киікстан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде

02/01/2026
Экология

БҚО-да елік аулағандар ұсталды

11/12/2025
жаңалық

Қазақстанда киік мүйізі Data Matrix кодымен таңбаланады

27/11/2025

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Тамыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.