Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Пятница, 11 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Фактчекинг»Уәде»Ғали Есқалиев видео үндеу жолдаған ауылдың тұрғындарына жыл соңына дейін су тартып беруге уәде берді
Нұрлыбек Рахманов Уәде 15/02/2022

Ғали Есқалиев видео үндеу жолдаған ауылдың тұрғындарына жыл соңына дейін су тартып беруге уәде берді

БҚО, Зеленое ауылы. 14 ақпан
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Зеленое ауылы халқының ауыз су талап етіп облыс әкіміне видео үндеу жолдады. 

Ауылдың ортасына жиналған елу шақты адам мәселесін ортаға салды:

Видео үндеу жарияланған соң үш күннен соң ауылға БҚО әкімі Ғали Есқалиев арнайы барды. Әкімнің жанында Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов, Мичурин ауылының әкімі Максим Мусалимов, аудан әкімдігінің түрлі бөлім басшылары, мемлекеттік БАҚ тілшілері – бір топ адам болды.

Тұрғындар ауыл шетіне жиналып тұрды. Бәрінің атынан өткен жолы бізге сұхбат берген ауыл тұрғыны Тілеген Жұматов бастап сөйледі. Облыс әкіміне жол, интернет, қоқыс шығару сияқты басқа да мәселелер барын, бірақ ең басты мәселе ауыз су екенін айтты. «Мәселенің бәрін бірден шешіңдер демейміз. Онша айқайлап жатқан жоқпыз, осынша жыл шыдап келдік. Дауысымызды қаттырақ көтеруге тура келді. Бірнеше жылдан айтып келеміз, еститін уақыт болған сияқты» деді Тілеген Жақияұлы. Одан кейін су таситын көліктің жүргізушісі, аудан мен ауыл басшылары кезек-кезек сөйледі.

Бәрін тыңдаған облыс әкімі:

-Негізі айтып отырғаныңыз дұрыс. Қаланың қасында жатқан ауыл. Әрине орталықтандырылған су болу керек. Енді біздікілер айтқан болар – ПСД жасалынды. Енді амандық болса биыл жұмыстарды бастап кетеміз. Жылдың аяғына дейін бітіруге тырысамыз. Сондықтан сәл күте тұрыңыз. Жарай ма? – деді Ғали Есқалиев (сөзі еш өзгеріссіз).

View this post on Instagram

A post shared by Нұрлыбек Рахманов (Nurlybek Rakhmanov) (@nurlybek_rakhman)

«Мұндай уәдеге тойдық, бұған дейін естіп келеміз» деп тарқасты ауыл тұрғындары. Зеленое ауылында ешқашан орталықтандырылған ауыз су болмаған, уәде берілумен келген. Облыс орталығы Орал қаласымен қосылып жатқан Мичурин ауылы мен Зеленое ауылын Шаған өзені ғана бөліп тұр. Ауыз су көлікпен тасымалданып, литрі 1 теңгеден сатылады. Әкімдік су таситын көлікке бензин бөледі. Тозығы жеткен ескі көлік жиі бұзылады, қаңтар айында ауыл сумен бір рет қамтылған. Күші жететіндер Шаған өзенін ойып, су алып ішеді. Кейбірі өзеннен су алып шығуға шамасы келмегесін қар суын ерітіп ішіп отыр. Бәйтерек ауданында орталықтандырылған ауыз су жетпеген әлі бірнеше ауыл бар…

Нұрлыбек Рахманов, 

sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
БҚО Ғали Есқалиев уәде
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Подкаст

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

10/07/2025
Арнайы жобалар

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады? (ВИДЕО)

09/07/2025
Өте өзекті

БҚО-да шекара маңындағы 13 мектеп жабылуы мүмкін

09/07/2025

Жаңа мақалалар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

жаңалық 10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

Сарапшы пікірі 10/07/2025

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

жаңалық 10/07/2025

БҚО-дағы газ тапшылығын қалай шешуге болады?

Подкаст 10/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Трамп салған баж салығының экономикаға әсері қандай болмақ: сарапшы пікірі

10/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.