Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»Қазақстанда баға өсімі халық табысынан 7 есе жоғары – сарапшы
Дария Ғұмар Сарапшы пікірі 19/01/2026

Қазақстанда баға өсімі халық табысынан 7 есе жоғары – сарапшы

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Соңғы бес жылда Қазақстанда бағаның өсу қарқыны халық табысының өсімінен бірнеше есе асып түсті. Ресми статистикаға сүйенсек, 2021-2025 жылдар аралығында баға деңгейі жиынтық түрде 74%-ға өскен. Ал осы кезеңде халықтың нақты табысы шамамен 10%-ға ғана артқан.

Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, бұл ақшаның құнсыздану деңгейі өте жоғары екенін көрсетеді.

«Баға өсімі 70%-дан жоғары, нақты айтқанда 74%. Ал табыстың өсімі бес жылда бар болғаны 10%-ды құраған. Яғни бағаның өсімі халық табысының өсімінен 7 есе жоғары. Бұл – ресми статистика. Ал кейбір сарапшылар инфляцияның нақты деңгейі жылына 40–50%-ға дейін жетуі мүмкін екенін айтады», – деді экономист.

Инфляцияның жинақталған әсері

Ресми деректерге сәйкес, инфляцияның жылдар бойынша серпіні бірқалыпты болмаған.

2021 жылы инфляция деңгейі 8,4%-ды құрап, бағаның жинақталған индексі 108-ге жетті. 2022 жылы инфляция күрт өсіп, 20,3%-ды құрады, жинақталған индекс – 130. 2024 жылы инфляция 8,6% деңгейінде қалыптасып, индекс 155-ке дейін өсті. Ал 2025 жылы инфляция қайтадан үдеп, 12,3%-ды құрап, жинақталған индекс 174-ке жеткен.

Осылайша 2021 жылы 100 теңге тұрған тауарлар мен қызметтер 2025 жылы орта есеппен 174 теңге тұрады. Бұл халықтың сатып алу қабілетінің төмендегенін білдіреді.

Табыс өсімі инфляцияны қуып жете алмады

Баға өсімімен салыстырғанда халықтың нақты табысының динамикасы әлдеқайда әлсіз болды.

2021 жылы нақты табыс 4,1%-ға өсіп, жинақталған индекс 104-ті құрады. 2022 жылы өсім 2,8% болып, индекс 107-ге жетті. 2023 жылы табыс өсімі небәрі 0,9% болды. 2024 жылы 4,6% өсім байқалғанымен, 2025 жылы нақты табыс керісінше 2,3%-ға төмендеді.

Нәтижесінде бес жыл ішіндегі халық табысының жиынтық өсімі шамамен 10% деңгейінде қалыптасты.

Қауіп пен сын-қатер

Мақсат Халықтың пікірінше, егер мемлекет инфляцияны ауыздықтауға бағытталған тиімді саясат жүргізбесе, халықтың нақты табысын сақтап қалу одан әрі қиындай береді. Экономистинфляциямен күресте тек ақша-несие саясаты ғана емес, өндірісті дамыту, бәсекені күшейту және халық табысын арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қажет екенін атап өтті.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Баға өсімі Жалақы Инфляция Халық табысы экономика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.