Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Енді елде телефон нөмірлері eGov арқылы берілуі мүмкін
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 16/10/2024

Енді елде телефон нөмірлері eGov арқылы берілуі мүмкін

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Мәжіліс отырысында Қазақстанда телефон нөмірлерін eGov арқылы беру туралы ұсыныс айтылды. Сол кезде алаяқтықтардың әрекетіне тосқауыл қою тиімді болмақ.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек министрлік SIM-карталарды сатуда тиісті шектеу енгізу жоспарлап отырғанын айтты.

«Қазір алаяқтар әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Көбіне WhatsApp желісін қолданады. Сондықтан біз ұялы нөмірлер жоспарын мемлекетке қайтару үшін заңнамалық бастама көтереміз. Нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтарамыз және азаматтар электронды үкімет порталында немесе eGov mobile арқылы ұялы телефон немесе қалалық байланыс нөмірін алады. Сонымен қатар бір адам алатын SIM-карталар санын шектейміз. Ал енді коммерциялық мақсатта SIM-карталарды бақылаусыз алатын заңды тұлғалар әр нөмірді пайдалану мақсатын негіздеуі керек болады. Алдағы уақытта осындай бастамалармен сіздерге келеміз», — деді ресми өкіл.

Бұл интернет алаяқтық қылмыстардың алдын алу үшін қабылданғалы отыр. Себебі қазақстандық нөмір арқылы айлаларын іске асырып жүргендер көбейген.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, елде қолға түскен үш қылмыстық топтан 3 500-ден астам SIM-карта тәркіленген.

Айтып өтелік, 2019 жылы ұялы операторлар абоненттерінің мәліметтер базасына жүргізілген статистикада қазақстандықтардың 42 млн SIM-карта сатып алғаны белгілі болған. Бұл сол кезде 18 млн халқы болған елдің әрбір адамында 2-3 телефон нөмірінің бар екенін көрсетеді.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 SIM-карталар Асхат Оразбек Цифрлық даму’ инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.