Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Елімізде қазақ тілі интеграцияланған автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын зауыт ашылды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 31/10/2024

Елімізде қазақ тілі интеграцияланған автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын зауыт ашылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматыда Kazakhstan Mobility Engineering қазақ тілі интеграцияланған автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын жаңа зауыт ашылды. Кәсіпорын Оңтүстік Кореялық Motrex Co Ltd серіктесінің технологиясы бойынша жұмыс істейді.

«Өнеркәсіптік әлеуетті толыққанды ашу үшін отандық шикізат пен компоненттерді пайдалануды қоса алғанда, жүйелі тәсіл қажет. Автоөнеркәсіптің өсуі Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттарының біріне айналуда, сондықтан өндірістік үдерістерді локализациялау мен тереңдетуді бірлесіп дамыту маңызды. Зауытты іске қосу – жоғары деңгейде қайта өңдеуді игеру және ірі өнеркәсіптік нысандардың айналасында іргелес өндірістерді құру қадамдарының бірі», – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Айтып өтелік, кәсіпорын «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді.

«Мультимедиялық жүйелер – бұл жоғары дәлдіктегі өндіріс, ол цифрлық технологиялар саласындағы, инженерлік саладағы бірінші дәрежелі мамандардың құзыретін талап етеді. Біздің басты мақсатымыз – локализацияның жоғары үлесі бар өндіріс циклін құру. Біз отандық шикізат пен компоненттерді барынша пайдаланатын боламыз. Сондықтан Kazakhstan Mobility Engineering еліміз үшін маңызды мәнге ие», – деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев зауыттың ашылу салтанатында.

Отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде Үкімет кешенді шараларды іске асырып жатыр. Автокөлік жасауда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кластерлік өндірісті дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл саланың тұрақты өсуіне және сыртқы нарықтардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, биыл ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда импорттық аналогтарды субсидиялау алынып тасталды, техника лизингінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау кезінде сараланған тәсіл көзделген – отандық өнім үшін төмен. Теміржол машинасын жасау секторында қолжетімді лизингтік қаржыландыру тетігі іске қосылды, соның арқасында 2024 жылы өндіріс 1,5 есеге ұлғайды.

Зауытта 90-нан астам маман жұмыс істейді, ал бүкіл өндірістік кешен қызметкерлерінің саны 400 адам болмақ

Kazakhstan Mobility Engineering зауыты Алматының индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорын 100 мың шаршы метр аумақта автокөлік бөлшектерін шығаратын ірі технопарктің құрамына енеді. Аталған жоба өндірісті локализациялауға және қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға бағытталған.

Сондай-ақ Алматы индустриалды аймағы аумағында автокреслолар, автокөліктерге арналған резеңке және пластик бұйымдарын шығаратын зауыттар мен логистикалық хабты іске қосу жоспарланып отыр. Барлық технопарктің техникалық өндірістік қуаты жылына шамамен 100 мың жиынтықты құрайды.

Кластер аумағында 90-нан астам маман жұмыс істейді, ал бүкіл өндірістік кешен қызметкерлерінің штаты шамамен 400 адамға жетеді деп күтіліп отыр.

Суреттер: Үкімет

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Kazakhstan Mobility Engineering Алматы Қазақ тілі интеграцияланған автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер ҚР
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.