Қазақстанда заңсыз ұтыс ойындарын өткізген азаматтарға 50 млн теңгеге жуық айыппұл тағайындалды. Бұл туралы Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті хабарлады.
Комитет мәліметінше, жауапкершілікке 121 адам тартылып, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 49,9 млн теңгені құраған.
Егер ойын ұымдастырушылары хаттамамен келіссе, айыппұлды өз еркімен төлей алады. Қалған істер сотқа жолданады.
2007 жылы қабылданған Ойын бизнесі туралы заңға сәйкес, лотерея операторы ретінде тіркелмеген жеке тұлға ұтыс ойынын өткізсе 100 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілер 300 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Заңбұзушылық қайталанса айыппұл көлемі екі есе өсіп, мүлік тәркіленеді.
фото: freepik.com

