Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Азаттық радиосы» жұмысын жалғастыра бермек
Наргиза Ерес жаңалық 17/03/2025

«Азаттық радиосы» жұмысын жалғастыра бермек

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Азаттық радиосы« жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы «Азаттық радиосының« қазақ бөлімінің басшысы Төреқұл Дооров мәлімдеді. 

Ол редакция әзірге жұмысты жалғастыра беретінін хабарлады. 

«Азаттық радиосы» қандай қиындықтан өтпеді, шынайы ақпарат, демократия құндылықтарын тарату миссиясында қандай тоталитардық режимдер қысымын көрмеді! Сол елдерде тұрған миллиондаған халық үшін шындықтың жалғыз шамы болып келді. Қазіргі жағдай бізді қалай өзгертетінін толық ашып айту мүмкін болмай тұр”, — деді Дооров.

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт те «Азаттық радиосы» жабылса, Қазақстанның жоғалтатыны көп дейді. 

“Азаттық радиосы» қызметін тоқтатса, Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді. Екі миллиардер арзан, уақытша саяси ұпай жинайды. Ал Қазақстанның жоғалтатыны өте көп. Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, елімізде “Заң мен тәртіп диктатурасының” көкесі сонда болады. Ол отызға жуық саяси тұтқынның қазіргі шарасыз күйін алда бүкіл қазақ қоғамы кешеді деген сөз”, — дейді.

​Илон Маск 2025 жылғы 9 ақпанда X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде АҚШ үкіметі қаржыландыратын «Азаттық радиосы« мен «Америка дауысы« медиакорпорацияларын жабуды ұсынды. Ол бұл ұйымдарды «радикалды солшылдар» деп атап, олардың жылына 1 миллиард доллар салық төлеушілердің қаражатын ысырап ететінін және қазіргі уақытта оларды ешкім тыңдамайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп «Федералдық бюрократияны қысқартуды жалғастыру туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл құжат жеті федералдық агенттікке, соның ішінде АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігіне (USAGM) қарасты «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» (RFE/RL), «Америка дауысы» (VOA), «Азат Азия радиосы» (RFA) және басқа да халықаралық хабар тарату ұйымдарына бағытталды. 

Жарлыққа сәйкес, аталған агенттіктер өз қызметі туралы есеп беріп, қайсысы заңмен бекітілгенін анық көрсетуі тиіс.

Жарлық жарияланған соң, USAGM Азат Еуропа/Азаттық радиосын қаржыландыруға бөлінген гранттың тоқтатылғанын хабарлады. Бұған жауап ретінде корпорацияның басшысы Стивен Капус бұл қадам АҚШ-тың қарсыластарына «үлкен сыйлық» болатынын айтып, оның Американың ықпалын әлсірететінін ескертті.

USAGM жыл сайын 360 миллионнан астам адамға 50-ден астам тілде хабар таратады. Оның 2025 жылға арналған бюджеттік өтінімі – 950 миллион доллар. Трамптың бірінші президенттік мерзімінде де ол агенттікпен редакциялық тәуелсіздікке қатысты жиі келіспеушілік болған.

2023 жылы «Азаттық радиосының« Орталық Азия редакцияларының ашылғанына 70 жыл толды. Азаттық радиосының Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Тәжік және Түркімен қызметтері жұмыс істейді.

​Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың «Азаттық радиосының» дәурені өтті деген мәлімдемесіне қарамастан, «Азаттықтың» Қырғыз қызметі өз жұмысын жалғастыруда. Бішкектегі бөлімше директоры Венера Жұматаева қазіргі уақытта қызметін тоқтатпай, тыңдармандар мен оқырмандарға шынайы ақпарат жеткізуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

 

Сурет: Ulysmedia.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
USAGM Азат Еуропа/Азаттық радиосы Азаттық радиосы жабылады Дональд Трамп Илон Маск Орталық Азия Төреқұл Дооров Шалқар Нұрсейіт
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.