Қазақстандықтардың Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуыл туралы жазбаларынан терроризмге шақыру немесе мемлекетке сатқындық жасау белгілері табылмады. Бұл туралы желілерге талдау жүргізген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Бұған дейін депутат Айдос Сарым Бас прокуратура мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүгініп, әлеуметтік желілерде КҚК-ға жасалған шабуылды ашық қолдаған пікірлерге қатысты шағым білдірді.
Осыған байланысты Астана қаласының полиция департаменті ұлтаралық араздық тудыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 29 қарашада Украина теңіз дрондары арқылы Ресейдің Қара теңіздегі мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасалды.
фото: freepik.com

