Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Бишімбаев қамаудан қашты» деп жалған ақпарат таратқандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды
Наргиза Ерес sarapshy.info 11/11/2024

«Бишімбаев қамаудан қашты» деп жалған ақпарат таратқандарға қарсы қылмыстық іс қозғалды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық Экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаев қамаудан қашты деген ақпарат негізсіз. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Қазақстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) сілтеме жасап хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде сотталған Қуандық Бишімбаев түрмеден қашты деген жалған ақпарат тарап жатыр. Ол қазіргі уақытта ең қауіпсіз режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр», — деп мәлімдеді ҚАЖК комитетінің баспасөз қызметі.

Мұндай ақпараттың тарауына AIRAN редакциясының YouTube арнаға шыққан репортажы себеп болған дейді. Видеода журналист экс-министр жазасын өтеп жатыр деген Аршалы ауылындағы колонияға барып, сол жердегі жауапты мамандардың Бишімбаевтың бұл колонияға келмегенін және ондай адамды көрмегенін айтады. Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова экс-министрдің Аршалыда емес екенін растаған. Кейінен түсірлім тобы Ақмола облысындағы Степногорск қаласындағы колонияға да барады, алайда бірнеше сағат күткен журналистерге мекемеден жауап болмады.

ҚАЖК комитеті жалған ақпарат таратқандарға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын және халықты тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Астанадағы BAU мейрамханасында Салтанат Нүкенованың өліміне азаматтық некедегі күйеуі Қуандық Бишимбаев күдікті ретінде ұсталған болатын. 

Ұзаққа созылған сот процессінің жауабы нәтижесінде 2024 жылы 13 мамырда Астана соты Бишімбаевты кінәлі деп танып, «Салтанат Нүкенованы қинап, аса қатыгездікпен өлтірді» — деген айыппен 24 жылға, ал «қылмысты жасырды» деп айыпталған туысы Бақытжан Байжановты 4 жылға соттады. Сонымен қатар Бишімбаев бұл оқиғаға дейін де сыбайлас жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталып,  мерзімінен бұрын босап шыққан еді.

Қазақстан тәжірибесінде алғаш рет сот онлайн режимде өтіп, процесті 10 мыңнан астам адам көрді. Қоғам белсенділері мен мамандар, әйел құқығын қорғаушылар бұл жағдай елдегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың шегіне жеткенін көрсетті деп баға берді.

Осы оқиғадан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

Сурет: ҚР Жоғарғы соты

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Бишімбаев жалған ақпарат Салтанат Нүкенова Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.