Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлы есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 24/10/2024

БҚО полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлы есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Арыновтың ұлы есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтаудағы сот 26 жастағы Нұржан Арыновқа үкім шығарды. Ол есірткіні таратты деп айыпталып отыр. Тергеу барысында Арыновтың синтетикалық есірткі заттарын жерге көміп таратқаны анықталған.

Одан 33 пакет психотроптық заттар, екі пакет мефедрон, жеті пакет басқа синтетикалық есірткі, сондай-ақ электронды таразы, металл қасық, жабыстырма және фольга табылған.

Белгілі болғаны, ұсталған азамат – Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлы.

Айтып өтелік, бұл Арыновқа қатысты алғашқы сот үкімі емес. Осы жылдың мамырында ол осы қылмысы үшін ақталған. Алайда бұл оқиға қоғамда үлкен дау туғызғаннан кейін, полицияның ұлына қатысты ақтау үкімі жойылды.

21 қазан күні Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс қаралды. ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3 және 5-тармақтары бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз өткізу мақсатында сақтау) Арыновқа айып тағылды. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Сотталушының іс бойынша қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болған жоқ. Алқабилердің үкімімен ол осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 10 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады сот.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
Батыс Қазақстан облысы полиция бастығының орынбасары Нұржан Арынов Синтетикалық есірткі заттары Талғат Арынов
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.