Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің маманы пара алғаны үшін сотталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 12/12/2024

БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің маманы пара алғаны үшін сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Аян Бурашевке қатысты үкім шықты. Ол 75 млн теңге көлемінде пара алған. 

Сотталушы ауыр салмақты көліктердің «Сырым» бақылау-өткізу бекеті арқылы кедергісіз және жылдам өтуіне көмектескені үшін ақша алған. Ол мемлекеттік кірістер департаментінде жетекші маман қызметін атқарған. 

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда сотталушы өз кінәсін мойындамаған.

Сот шешімі

«ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінің санкциясында  мүлкін тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенгеннен мөлшерінен  сексен еселенген мөлшеріне  дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 10 жылдан 15 жылға  дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген»  — делінген хабарламада.

Ақпарат құралдарындағы мәлімет бойынша, Бурашев мемлекеттік қызметкер ретінде 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың 22 қыркүйегіне дейін ер адамнан 75 миллион теңге көлемінде пара алған.

Сот Бурашевтен пара ретінде алған 75 миллион теңгені өндіріп, сондай-ақ екі көлікті – 2014 жылғы Toyota Camry мен 2020 жылғы Hyundai Creta-ны мемлекет кірісіне тәркілеген.

Сот Бурашевтің жас балаларының болуын ескерді. Бірақ мемлекеттік қызметшінің антын бұзуы жазаны ауырлататын фактор деп таныды. Сот шешімімен ҚК-ның 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Сурет: tv7.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Сырым» бақылау-өткізу бекеті Hyundai Creta бас бостандығынан айыру БҚО мемлекеттік кірістер департаменті пара алған
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.