Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді
Дария Ғұмар sarapshy.info 11/07/2025

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

Қараөзен мектеп-лицейі
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

БҚО-дағы Казталов ауданының Қараөзен ауылында өртенген мектеп-лицей интернаты ғимаратының құрылысын мердігер қалыпқа келтіреді. Бұл жөнінде мектеп директоры Қайырлы Бижанов хабарлады.

Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша жоба құны — 1 млрд 63 млн теңге. Интернатты күрделі жөндеуге смета бойынша 81,6 млн теңге бөлінген.

ТЖД ақпаратына сай өрт оқиғасы туралы қоңырау 9 шілде күні сағат 14:30-да түскен. Нысанның ауданы — 388 шаршы метр.

Сол күні өртті сөндіруге 13 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды.

Тілсіз жау ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қараөзен мектеп-интернатының директоры Қайырлы Байжанов мердігер компания құрылысты қайтадан қолға алатынын хабарлады.

– Құрылыс жұмысы оқу жылының соңында басталды. Мердігер компания интернат ғимаратын қалпына келтіреміз деп уәде берді. Құрылысқа қажет материалдарға сұраныс беріліп қойған. Жөндеу дер кезінде аяқталып, келер оқу жылын уақытылы бастаймыз деп сенеміз. Өрт себебі әзірге белгісіз, – деді ол.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметкері Гаухар Дүйсекованың мәліметі  бойынша мектепте 222 бала білім алады. Г. Дүйсекова интернатты қалпына келтіру жұмыстары заң талаптарына сәйкес жүргізілетінін айтты.

Мердігер компанияның өкілі қазіргі таңда өрттің шығу себебін, шығын есебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпарат бойынша жөндеу жұмысын «Жайық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Казталов ауданының білім бөлімі мен «Жайық Сити» ЖШС 2025 жылдың ақпан айында келісімшарт жасаған. Сайтта жобаның жалпы құны – 800 млн теңге деп көрсетілген.

2021 жылы интернат ғимараты апатты деп танылған. Жатақханада 50 жатын орны бар.

фото: Қараөзен мектеп-лицейі әлеуметтік желі парақшасынан

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
БҚО Бюджет қаражаты қаражат мектеп өрт өрт болды төтенше жағадай Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.