Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Әділбек Нұржаубаевқа қатысты үкім шықты. Оған пара алғаны үшін айып тағылған. Бұл туралы Казталов аудандық соты хабарлады.
Сот басқарма басшысын Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша кінәлі деп таныды. Тергеу деректеріне сәйкес, Нұржаубаев кәсіпкерден пара алған.
Сот үкімімен Әділбек Нұржаубаев 3,6 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтеуге міндеттелді.
Сотталушы өз кінәсін мойындамай, өзін қасақана ұйымдастырылған арандатудың құрбаны болғанын айтып, іске қатысы жоқ адамдардың куәлік еткенін алға тартты.
фото: freepik.com

