Астанада қоғамдық орында дәрет сындырған екі шетелдік азаматқа Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Әлеуметтік желіде тараған видеода «Нұрсая-2» тұрғын үй кешені маңындағы субұрқақтың жанында мас күйде дәрет сындырған ер адамды көруге болады.
Әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыланып, қоғамдық орынды ластаған Қытай тұрғындары екені айтылды.
Тергеу кезінде 35 және 49 жастағы екі шетел азаматы күдікті деп танылды. Олардың жеке деректері анықталған кезде, ер адамдар Қазақстан аумағынан шығып үлгерген.
«Полиция оларды елге бес жылға кіргізбеу туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады ПД.

