2025 жылы электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) үшінші тұлғаларға берген 113 азамат жауапқа тартылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Айта кетейік, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 640-бабында ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға бергендерге жаза қарастырылған.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, өткен жылдың наурызы мен 2026 жылдың ақпаны аралығында 640-бап бойынша 113 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 76-сы ЭЦҚ кілтін заңсыз беруге байланысты болса, 28-і бөгде кілтті пайдалану деректеріне қатысты. Қалған 9 іс электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту немесе куәландыру орталықтарының техникалық бұзушылықтарына қозғалған.
Аталмыш құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған (43250 теңге).
фото: freepik.com

