Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жоба жүзеге асуда
Наргиза Ерес sarapshy.info 08/01/2025

Қазақстанда елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жоба жүзеге асуда

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Су ресурстары министрлігі 6 облыс бойынша көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында 56 жобаның іске асып жатқанын хабарлады.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекенде жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салынып жатыр деді министрлік.

2024 жылдың көктемінде Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны болды. Еліміздің 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Салдарынан 224 елді мекен, 17 603 тұрғын үйге зиян келді. 

Одан бөлек, ауыл шаруашылығы мен мал шығыны, инфрақұрылым да зардап шекті. 120 мыңнан астам адам өз баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 8100 бас мал шығыны тіркелген.  Оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514 бас. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жойылған ауыл шаруашылығы дақылдары мен суға кеткен жануарлардың иелеріне шығынды өтеу үшін шамамен 3,15 млрд теңге бөлінген.

Үкіметтің мәліметінше, тасқыннан жалпы 300 млрд теңге шығын келген. 

Әсіресе су елдің Батыс өңірі, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларының шеткі аудандарын басты. Соның ішінде Атырау қаласы “қызыл аймаққа” еніп, әртүрлі сала мен бағыт бойынша тежеу байқалды.

Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқыны қаупі бар 186 елді мекен тіркелген. Соның 68-іне әлі қауіп төніп тұр. 

Көктемгі су тасқыны жағдайында халық биліктің “дайындықсыз” болғанын сынады. Ал билік климаттық өзгерістер, жаһандық жылынуды айыптайды. 

Kazinform жасаған талдауда Қазақстандағы су қоймалары Кеңес кезеңде салынғаны жазылған. Демек, тәуелсіздіктен кейін жаңа қоймалар салу бәсеңдеген. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанда ақауы бар гидротехникалық құрылысжайлардың (ГТҚ), бөгет-плотиналардың саны 537-ге жеткенін айтады.

Гидрологиялық болжам бойынша, 2025 жылы қыста температура режимі климаттық норма шегінде болып, жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан асады. 

Үкімет биыл көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын екенін айтады. «Қазгидромет» РМК су басу қаупі басым өзен учаскелерінде 31 деңгейлі гидрологиялық бекет ұйымдастырылып, ашылған. 

“Қазір 377 гидрологиялық бекет, 25 қар өлшегіш маршрут және 347 метеорологиялық станса жұмыс істейді. 9 облыста коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды” — делінген хабарламада.

 

Сурет: baq.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Батыс өңір БҚО Көктемгі су тасқыны қызыл аймақ мал шығыны су қоймалары Су ресурстары министрлігі су тасқыны төтенше жағдай
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.