Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда CHANGAN, HAVAL, CHERY автокөліктерін шығаратын зауыттар таяуда іске қосылады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 29/10/2024

Қазақстанда CHANGAN, HAVAL, CHERY автокөліктерін шығаратын зауыттар таяуда іске қосылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елдегі кәсіпорындар 2024 жылдың алғашқы 9 айында 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарған. 2028 жылға қарай елімізде жасалатын машина көлемін 2 есе арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында баяндады.

«Шетелдік және отандық инвесторлар ел аумағында жаңа зауыттар салу жұмысын жүргізіп жатыр. Мәселен, CHANGAN, HAVAL, CHERY автокөліктерін шығаратын зауыт құрылысы аяқталуға жақын. Бұл зауыттар жыл сайын 90 мың көлік шығаратын болады. Сонымен қатар құны 200 млн доллар болатын KIA автомобиль зауытының құрылысы жүргізіліп, онда 150 млн доллардың Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдерінің өндірісі пысықталып жатыр», — деді министр.

Ал ауылшаруашылығына қажет көліктерді дайындау мақсатында жобалар жүзеге асып жатыр. Жыл басынан бері 5 мыңнан астам трактор мен комбайн құрастырылған.

«Елдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер отандық өндірістің, оның ішінде CLAAS, Horsch, Deutz Fahr әлемдік брендтерінің заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл жаңа ірі инвесторлар – Amazone және Zoomlion елге тартылды. Ірі габаритті бөлшектер өндірісі іске қосылды: трактор кабиналары мен комбайн бункерлері. Өндірушілер мен сабақтас өндірістер арасында кооперация жолға қойылды», — деді Шарлапаев.

Министр елдегі машина жасайтын кәсіпорындарды қолдау және дамыту мақсатында бірнеше шаралар жоспарланып жатқанын да атап өтті.

Біріншіден, елдегі кәсіпорындарды сақтау және өндірілетін өнімдердің үлесін арттыру мақсатында ұзақ мерзімді және офтейк келісімшарттар жасалған. Нақтырақ айтқанда, 2024 жылдың тоғыз айында жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан 6 млрд теңгеге 30 ұзақ мерзімді келісімшарт және 4,2 млрд теңгеге үш оффтейк-контракт жасалды. Сонымен қатар жаңа тауарлар мен қызметтер тізімін әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Екіншіден, 1 500-ден астам машина жасау тауарларына мемлекеттік сатып алудан басымдық берілді. Бұл кәсіпорындардың жүктемесі мен дамуына оң әсер етеді, дейді министр.

Үшіншіден, машина жасау саласын дамыту мақсатында алдағы 5 жылға шамамен 600 млрд теңгені қарастыру мәселесі пысықталып жатыр. Биыл министрлік жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңарту және жаңа жобалар құруды ынталандыру үшін қаражат бөлу жөніндегі жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Бюджет қаражатын бөлу туралы тиісті өтініш Қаржы министрлігінде қаралып жатқанын да атап өтті.

Төртіншіден, еліміздің машина жасау өндірісін дамытуда негізгі кедергінің бірі – білікті мамандар жетіспейді. Осыған байланысты министрлік кәсіпорындармен бірлесіп, кадр дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабардар етті. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында теорияны оқытып, зауыттарда практика өткізетін бағдарламалар әзірленіп, қолданысқа енгізіліп жатыр.

«Отандық компаниялар – Кентау трансформатор зауыты, «СарыарқаАвтопром» және Hyundai зауыттары базасында білім беру ұйымдарында теориялық оқытуды және өндірістік практиканы көздейтін дуальды оқыту негізінде оқу мекемелері үшін білім беру бағдарламаларын әзірледі», — деп нақтылады министр.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Қанат Шарлапаев ҚР Машина жасау өнеркәсібі Үкімет отырысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.