Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 12 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда алғашқы жасанды интеллект мектебі ашылады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 09/10/2024

Қазақстанда алғашқы жасанды интеллект мектебі ашылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елде жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту аясында Astana Hub халықаралық технопаркі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School-ды іске қоспақ. Бұл жоба 2025 жылы мектеп оқушылары, студенттер, зерттеушілер мен кәсіпкерлердің басын қосатын Ұлттық жасанды интеллект орталығын құрудың бастамасы болады.

Tomorrow School – білім беру саласында әлемге танылған жаңашыл педагог Николас Садирак әзірлеген 01 Edu платформасында инновациялық peer-to-peer оқыту жүйесін пайдаланатын бірегей жасанды интеллект мектебі.

Astanahub.com хабарлауынша, мектеп білім алушылар арасындағы тәжірибеге негізделген өзара байланысқа басымдық беріп, бағдарламалау дағдыларын нөлден бастап үйретеді. Мұндай бағдарламалар бойынша оқыған түлектердің 90%-дан астамы курсты аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасады.

Tomorrow School-де оқыту ерекшеліктері қандай?

  • Мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ – оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген
  • Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында оффлайн форматта тегін оқу мүмкіндігі бар
  • Мектеп тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құрады
  • Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді

«Іріктеу үміткерлердің логикалық ойлауын тексеретін екі онлайн ойыннан және «бассейн» деп аталатын оқытудың кіріспе кезеңіне тікелей қатысуды көздейтін бөлімнен тұрады. Бірінші «бассейн» 21 қазан – 17 қараша аралығында өтеді, мұнда қатысушылар бағдарламалау әлеміне тереңірек бойлап, оқуды жалғастыру үшін өз мүмкіндіктерін бағалайды. «Бассейннен» өткеннен кейін қатысушылар 18 айлық негізгі оқытуға көшеді», — делінген технопарк хабарламасында.

Аталған кезеңде қатысушылар 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, Golang, Rust, JavaScript, Python және басқа да 20-дан астам бағдарламалау тілін меңгермек.

Мектеп шәкірттері қандай мамандықтарды игереді?

Студенттер ЖИ-инженері, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, фулстек-әзірлеуші, мобильді қосымшалар әзірлеушісі, DevOps инженері, IT жүйелерінің сәулетшісі, киберқауіпсіздік маманы және бейнеойындар әзірлеушісі мамандықтарының бірін таңдап, маман иесі атана алады.

Сондай-ақ оқуға өзге қаладан келген шәкірттерді негізгі оқу уақытында тұрғын үймен қату мүмкіндігі қарастырылмақ.

Tomorrow School-да оқу үшін 2024 жылдың 17 қазанына дейін tomorrow-school.ai платформасында тіркеуден өту қажет.

Айтып өтелік, шілде айында елде Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.

Экономистердің есептеулеріне сәйкес, жасанды интеллектіні қолдану 2030 жылға қарай жаһандық ЖІӨ-ні 14%-ға арттыруы мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда 93 ақпараттық база қосылған Smart Data Ukimet-те мемлекеттік органдардың деректерін жинау бойынша шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр.

Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде елімізде суперкомпьютерді орналастыру, деректерді өңдеу орталықтарын салу, Ұлттық ЖИ платформасын құру және талшықты-оптикалық байланысты дамыту көзделген. Сонымен қатар адами капиталдың өсуі үшін бірқатар білім беру және акселерациялық бағдарламаларды іске асыру жоспарланған.

Қазіргі уақытта 17 жоғары оқу орны ЖИ бойынша 15 бағытты енгізді. Осы мамандықтар бойынша пәндерді 2 196 студент оқиды.

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Astana Hub халықаралық технопаркі Tomorrow School Жасанды интеллект мектебі Қазақ елі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.